Зерттеу Қазақстанның 20 өңірін және 4,4 мыңнан астам қатысушыны – тәжірибелі педагогтарды, жас мамандарды және колледж әкімшілігі өкілдерін қамтыды.
Нәтижелер ТжКББ жүйесінде менторлықты енгізуге жоғары сұраныс бар екенін көрсетті. Қатысушылардың басым бөлігі жеке сүйемелдеу, практикалық көмек көрсету, сабақтарға өзара қатысу және тұрақты кері байланыс тетіктерін қолдады. Сонымен қатар негізгі кедергілер анықталды: менторлардың уақытының тапшылығы, оқу жүктемесінің жоғары болуы және материалдық ынталандырудың жеткіліксіздігі.
Зерттеу менторлықты тұрақты дамыту үшін жеке Ереженің қажет екенін, менторларды даярлау жүйесін енгізу, іріктеу мен бағалаудың нақты критерийлерін айқындау және ұйымдастырушылық қолдау шараларын күшейту маңызды екенін растады. Алынған қорытындылар колледждерде пилоттық модельді іске қосу жұмыстарының негізіне айналады.
Осылайша, зерттеу формальды тәлімгерліктен кәсіби дамуға бағытталған толыққанды менторлық жүйеге көшу үшін аналитикалық негіз қалыптастырды.
Ұсынылған модель тәжірибелі педагогтардың әлеуеті заманауи сүйемелдеу тәсілдерімен ұштасқанда, ТиППО жүйесі жас кадрларды бейімдеу құралына ғана емес, педагогтердің үздіксіз кәсіби даму механизмін де қалыптастыратынын дәлелдейді.
Менторство каз

