Intel Corporation
“Қазақстанның ТКШ және құрылыс ұлттық палатасы”
Қазақстан құрылыс және ТКШ Ұлттық Палатасы — 2012 жылы құрылған республикалық салалық қоғамдық ұйым. Ұлттық Палата еркін түрде ассоциацияларды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын, құрылыс компанияларын, ТКШ саласындағы инновациялық кәсіпорындарды және т.б. біріктіреді. Оған сонымен қатар республикалық мәртебеге ие үш ұйым кіреді, олар: «Қазақстан Су Арнасы» Қазақстан Республикасының сумен қамтамасыз ету және суды бұру бойынша кәсіпорындар ассоциациясы, Қазақстан жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының ассоциациясы, Қазақстан басқарма және қызмет көрсету компанияларының ассоциациясы.
“Тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындарының ассоциациясы”
Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ) 2005 жылы салалық министрліктің қолдауымен Қазақстан Республикасының тау-кен секторы кәсіпорындарының бастамасы бойынша құрылды. Қауымдастық ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тау-кен металлургия саласын қамтиды. Бүгінгі таңда ТМКҚ Қазақстанның ірі салалық бірлестігі болып табылады, оның құрамына қара және түсті металлургияның, уран және көмір өнеркәсібінің 100-ге жуық компаниясы кіреді.
ЖШС «Біріккен химиялық компания»
«Химиялық компания бірлестігі» ЖШС-тің басты тапсырмасы химиялық саладағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.
Компания Nexant халықаралық консалтинг компаниясымен бірге Қазақстанның химиялық өндірісін дамытудың мастер-жоспарын әзірледі, ондағы негізгі нәтижелері Компанияны дамытудың стратегиясын әзірлеуге негізделген. Жүргізілген жұмыстар барысында инвестициялау үшін химиялық өндірістің тиімді салалары анықталды: ауыл шаруашылық тыңайтқышын қоса алғанда, органикалық емес химияның базалық өнімі, органикалық емес қышқылдар, сілті мен тұз, полимерді қоса алғанда, органикалық химияның базалық өнімі, сонымен қатар арнайы химикаттар.
Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласындағы ұйымдар қауымдастығы «Kazenergy»
«Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігінің қауымдастығы – Қазақстанның жанар май-энергетика кешенін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға қолдау көрсету үшін құрылған мұнай-газ және энергетика кешенінің заңды тұлғаларының еркін түрдегі қазақстандық коммерциялық емес бірлестік. Ассоциация мүшелігіне Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешенінің 50 ірі кәсіпорындары енеді.
ассоциация жыл сайын Еуразиялық «KazEnergy» энергетика форумы өткізіледі, сонымен қатар ассоциация 2017 жылы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге ұсыным ұсынды.
«DOSTI» инновациялық білім беру орталығы
BILIM MEDIA GROUP
BILIM – біздің көрсетер қызметіміздің негізгі ұғымы ғана емес, ол – біздің өмірімізге мән беретін басты құндылық. “Білімнен асқан байлық, қараңғылықтан асқан қасірет жоқ” – деген көнеден келе жатқан нақыл бар. Бүгінгі дәуірде жеке адамның да, мемлекеттің де тағдыры тек білімге тәуелді. Соған орай, біздің мұратымыз – сапалы білімді баршаға қолжетімді ету.
MEDIA – біздің түсінігімізде, бұл – білім беруге қажетті мазмұнды жасауға және оны таратуға керекті технологиялар. Осы салада соңғы 20 жылда жасалған жаңалықтар адам өміріне Гуттенбергтен Цукербергке дейінгі 500 жылға бергісіз өзгерістер алып келді. Сол жаңалықтардың білім беруге де тигізетін ықпалы күн санап артып келеді. Оқуға арналған контент шығарушы ретінде, біз технология күшіне арқа сүйеген білімнің болашағына кәміл сенеміз.
GROUP – білімнің қадірін түсінетін және технологияның пәрменіне сенетін кәсіпқойлар тобы дегенді білдіреді. Олардың арасында мектептің жайын жақсы білетін тәжірибелі мұғалімдер мен әдістемеші мамандар, жаны сүйер ермегін сүйікті кәсіпке айналдырған жас ғалымдар, аниматорлар, дизайнерлер мен компьютер инженерлері де бар. BMG жобасы ниеттері мен пікірлері ортақ осындай адамдардың қиялы, қабілеті мен еңбегінің арқасында пайда болды. Қабыл алыңыздар!
Миссия
Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компания. Біз білім беруге қажетті контентті жасаумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT- компаниялармен, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар.
Агротехнологиялық хаб
Агротехнологиялық хаб
халықаралық аграрлық инновациялық орталық, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құрылды.
Агрохаб құрылымдық жағынан төрт компонентті біріктіреді, атап айтқанда:
- Қор – инвесторларды іздеу және инновациялық жобалар мен стартаптарды толық немесе ішінара қаржыландырумен айналысады.
- Бизнес-инкубатор Catapult – АӨК-те инновациялық технологияларды әзірлеу және трансфертпен айналысады.
- Технопарк – бизнес-инкубатордың әзірлемелерін және Агрохабтың жалпы жобалық қызметінің нәтижелерін прототиптеу, тестілеу және коммерциялау үшін база қызметін атқарады.
- Лабораториялар – технологияларды тестілеу, талдау және сертификаттауға мүмкіндік береді.