BILIM – біздің көрсетер қызметіміздің негізгі ұғымы ғана емес, ол – біздің өмірімізге мән беретін басты құндылық. “Білімнен асқан байлық, қараңғылықтан асқан қасірет жоқ” – деген көнеден келе жатқан нақыл бар. Бүгінгі дәуірде жеке адамның да, мемлекеттің де тағдыры тек білімге тәуелді. Соған орай, біздің мұратымыз – сапалы білімді баршаға қолжетімді ету.
MEDIA – біздің түсінігімізде, бұл – білім беруге қажетті мазмұнды жасауға және оны таратуға керекті технологиялар. Осы салада соңғы 20 жылда жасалған жаңалықтар адам өміріне Гуттенбергтен Цукербергке дейінгі 500 жылға бергісіз өзгерістер алып келді. Сол жаңалықтардың білім беруге де тигізетін ықпалы күн санап артып келеді. Оқуға арналған контент шығарушы ретінде, біз технология күшіне арқа сүйеген білімнің болашағына кәміл сенеміз.
GROUP – білімнің қадірін түсінетін және технологияның пәрменіне сенетін кәсіпқойлар тобы дегенді білдіреді. Олардың арасында мектептің жайын жақсы білетін тәжірибелі мұғалімдер мен әдістемеші мамандар, жаны сүйер ермегін сүйікті кәсіпке айналдырған жас ғалымдар, аниматорлар, дизайнерлер мен компьютер инженерлері де бар. BMG жобасы ниеттері мен пікірлері ортақ осындай адамдардың қиялы, қабілеті мен еңбегінің арқасында пайда болды. Қабыл алыңыздар!
Миссия
Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компания. Біз білім беруге қажетті контентті жасаумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT- компаниялармен, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар.
0 Comments