«DOSTI Skills Kokshetau 2026» халықаралық салалық чемпионаты жоғары технологиялық құзыреттер бойынша WorldSkills стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған кәсіби алаң болып табылады. Чемпионат «Электроника», «Мобильді робототехника», «Прототиптеу» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану» құзыреттері бойынша қатысушыларды, сарапшыларды және халықаралық серіктестерді біріктіреді.
Чемпионат аясында жарыс модульдері, шеберлік сабақтары, оқыту сессиялары және халықаралық сарапшылардың қатысуымен тәжірибе алмасу іс-шаралары ұйымдастырылады. Жоба жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде заманауи технологияларды дамытуға бағытталған.

