«Premix кубогі 2026» салалық чемпионаты – «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» және «Плиткамен қаптау» құзыреттіліктері бойынша Қазақстанның құрылыс саласы шеберлері арасындағы кәсіби жарыс. Іс-шара «Premix Pro» ЖШС тарапынан «Talap» КЕАҚ-тың әдістемелік қолдауымен және қатысуымен ұйымдастырылған. Қатысушылардың кәсіби дағдылары WorldSkills International стандарттарына сәйкес тәуелсіз сарапшылармен бағаланады.

