"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы — WorldSkills Kazakhstan ұлттық операторы — WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионатына қатысу үшін Бас сарапшылар лауазымына кандидаттарды қосымша іріктеу өткізілетінін хабарлайды. Іріктеу WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарының жаңа қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 20 ақпанда WorldSkills Kazakhstan Бас ассамблеясымен бекітілген талаптарға сай жүзеге асырылады.

Қосымша іріктеу кандидаттар саны жеткіліксіз құзыреттер, сондай-ақ жаңа қосымша құзыреттер бойынша жүргізіледі.

Кандидаттарға қойылатын талаптар
Іріктеуге келесі талаптарға сәйкес келетін кандидаттар жіберіледі:
• 2025–2026 жылдарға арналған WorldSkills Kazakhstan міндетті оқытуынан және сертификаттауынан өткен;
• өңірлік және республикалық чемпионаттарда сарапшы және/немесе бас сарапшы ретінде жұмыс тәжірибесі бар;
• WorldSkills бағалау жүйесін және Техникалық сипаттама (Technical Description) талаптарын меңгерген;
• конкурстық құжаттаманы әзірлеу және/немесе жаңарту тәжірибесі бар;
• WorldSkills регламенттерін бұзу фактілері тіркелмеген.

Өтінімдерді беру тәртібі
Іріктеуге қатысу үшін кандидаттарға:
келесі Google-нысанда тіркеу деректерін толтыру қажет:
https://docs.google.com/forms/d/1YPh3JSIJ21MCHpXIt_HUQ4GS3jOqEMBMIshdZzscMjQ/viewform?edit_requested=true

және ұсынылған сілтеме бойынша онлайн форматта тестілеуден өту:

орыс тілінде
https://docs.google.com/forms/u/0/d/e/1FAIpQLSdPg7EoOf2319M8KdQ3i9XYdRlP5gUhPavbo7wXTtdBrKMZ0Q/formResponse

қазақ тілінде
https://docs.google.com/forms/d/1bFSIjvhWRxTbfBMxkYCnMVuHfDwpPqyC8j8rnH77xBs/viewform?edit_requested=true

Тіркеу кезінде келесі құжаттарды қамтитын бұлттық сақтау сілтемесін көрсету қажет:
• WorldSkills бас сарапшысы және/немесе сарапшысы сертификаты;
• чемпионаттарға қатысу тәжірибесі көрсетілген түйіндеме;
• оқудан өткенін және аккредиттеуден өткенін растайтын құжат;
• жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, диплом);
• дербес деректерді өңдеуге келісім.

📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 05 маусымға дейін

Іріктеу кезеңдері
Іріктеу бірнеше кезеңде өткізіледі:

  1. Алдын ала кезең (2026 жылғы 15 маусымға дейін):
    талаптарға сәйкестігін тексеру;
    • кандидаттардың тәжірибесін талдау;
    • WorldSkills Kazakhstan регламенттерін білу бойынша тестілеу.
  2. Бағалау кезеңі (2026 жылғы 20 маусымға дейін):
    практикалық тапсырманы орындау (қажет болған жағдайда);
    • әңгімелесу (офлайн немесе онлайн).
  3. Қорытынды кезең:
    қорытындыларды шығару;
    • Бас сарапшылар тізімін Ұлттық оператордың бұйрығымен бекіту.

Бағалау критерийлері
Кандидаттар келесі өлшемшарттар бойынша бағаланады:
• WorldSkills стандарттары мен регламенттерін білу;
• практикалық тәжірибе;
• ұйымдастырушылық және көшбасшылық дағдылар;
• объективтілік және бейтараптылық;
• конкурстық құжаттамамен және бағалау жүйесімен жұмыс істеу дағдылары.

Іріктеу қорытындылары
Іріктеу нәтижелері WorldSkills Kazakhstan ресми ақпараттық ресурстарында және «Talap» КЕАҚ сайтында жарияланады.

📌 Байланыс ақпараты:
Жалпы мәселелер бойынша: Еставлетова А.А. / телефон 8 700 405 9855
Хлопжанова Г.Т., 8 700 540 1915

Тіркеу мәселелері бойынша: Әбдіғұлов Абылайхан Саттарұлы, 8 702 193 2142

Тестілеу мәселелері бойынша: Төлеуов Алмас Мемлекетұлы, 8 701 611 2235

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *