«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізу үшін келесі бағыттар бойынша мамандарды тартатынын хабарлайды:
- Ақпараттық технологиялар
- Жасанды интеллект
- WSK сарапшылары
- Жалпы білім беру пәндері
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- курстардың білім беру бағдарламаларының бейініне, мамандығына, бағытына сәйкес келетін салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік және (немесе) жоғары білімінің болуы.
Қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- белгіленген нысан бойынша үміткердің түйіндемесі;
- жұмыс өтілін растайтын құжаттар;
- білім туралы құжаттар;
- тиісті бейін бойынша біліктілікті арттыру және/немесе тренерлерге арналған оқудан өткенін растайтын қосымша құжаттар (бар болса).
Құжаттар 2026 жылғы 16–23 қазан аралығында (қоса алғанда) urp@talap.edu.kz электрондық поштасына сағат 15.00-ге дейін қабылданады.
Құжаттарды уақтылы және (немесе) толық ұсынбау оларды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Біздің мамандарымыздың қатарына қосылыңыз!



0 Comments