ТжКОБ білім беру бағдарламаларының Тізілімін қалыптастыру және жүргізу мақсатында «Talap» КеАҚ 2026 жылғы 15 сәуірден 8 мамырға дейін білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін әлеуетті сарапшыларға кандидаттардан өтінім қабылданатыны туралы хабарлайды.
Эксперттік топтың құрамына:
- педагог, біліктілік санаты/дәрежесі немесе арнайы не әскери атағы/сыныптық шені бар («Қауіпсіздік қызметтері», «Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау» бағыттары бойынша педагогтар үшін) және ұсынылған бағдарлама шеңберіндегі тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша біліктілігі (білімі) бар.
- жұмыс беруші ұйымнан (кәсіпорыннан) ұсынылған бағдарламаға сәйкес кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар маман.
Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті сарапшыларға кандидаттар 2026 жылғы 8 мамырға дейін «ТжКОБ ББ сараптамасы бойынша сарапшы болу» ақпараттық жүйесінде электрондық өтінім мен растайтын құжаттарды ұсынылған сілтеме арқылы толтыруы қажет: https://e.talap.edu.kz/expert
ТжКОБ білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу тәртібі мен өлшемшарттары, сондай-ақ ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулық хатқа тіркелген және сілтемеде орналастырылған: https://drive.google.com/drive/folders/1iK1JCbcz0yGs9L1MAot5wWkEAPHFY_y9



0 Comments