Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде жалғасуда. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Еуропалық Одақ елдерімен әріптестік байланыстарды нығайтуда, оның бір мысалы Еуропалық одақтың 2022 жылғы маусымда іске қосқан DARYA бірінші өңірлік жобасын іске асыру болып табылады. Бастама кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жастар бойында негізгі дағдыларды оқытуға және қалыптастыруға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 12-13 маусымында Астана қаласында Қазақстан өңірлерінің 10 пилоттық оқу орындарының педагогтерін өзара оқыту бойынша екі күндік іс-шара өтуде.
Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов Еуропалық білім қорының бас кеңесшісі Кристин Хемшемайермен кездесті. Тараптар DARYA жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін, оның Қазақстанның білім беру жүйесі үшін маңыздылығын, сондай-ақ алдағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады.
0 Comments