"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б. сияқты техникалық мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғайтылды.

Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:

• I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
• бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
• әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Естеріңізге сала кетейік, абитуриенттер өтінішті колледжге қағаз түрінде және egov.kz порталы арқылы электронды түрде екі жолмен бере алады. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *