2025 жылдың 9 маусым күні «Тараз сервис және технология колледжінде» Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «DeafSkills-2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Чемпионаттың басты мақсаты – есту қабілеті нашар және есту қабілеті шектеулі жастарға кәсіби білім алуға, шығармашылық қабілетін көрсетуге және қолдау алуға мүмкіндік беру болды.
«DeafSkills-2025» чемпионаты келесі екі құзыреттілік бойынша өтті:
🔹 Киімдерді үлгілеу және дизайн
🔹 Сәндік-қолданбалы өнер
Шараға Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы, облыстық колледж директорлары, педагогтер мен студенттер қатысты. Чемпионат барысында қатысушылар өз өнерлері мен дағдыларын көрсетіп, шабыт пен сенімге толы атмосферада шеберліктерін паш етті.
0 Comments