"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Бүгін «Talap» КеАҚ президенті Ш.Утельбаева Webster университетінің президенті Джулиан З.Шустер және ректор Стефани Махфудпен бірге инклюзивті білім беру ортасын құру жөніндегі диалог алаңына қатысты. Іс-шараға елордалық білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазиев, заң ғылымдарының докторы Е. Алауханов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім департаменті директоры Л. Бутабаева және Астана мектептерінің педагогтері қатысты.

Жиынға қатысушылар мүгедектігі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар мен студенттердің қажеттіліктерін ескеретін оқу бағдарламаларын әзірлеу және инфрақұрылым құру мәселелерін талқылады. Олар біліктіліктерімен қоса тәжірибелерімен алмасты, сондай-ақ білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін стандарттарды енгізуді талқылады.

Webster университетінде оқыған педагогтер өз әсерлерімен бөлісіп, қонақтарға сұрақтарын қойды. Айта кетейік, елордалық 24 педагог халықаралық тағылымдамадан өтіп, тағы 72 адам онлайн оқудан өтті.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *