ТжКБ ұйымдарындағы менеджерлердің KPI критерийлері мен көрсеткіштерін жобалау
Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі жол картасы аясында ТжКБ ұйымдарының менеджерлері үшін негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) жобалау бойынша зерттеу жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты – колледж басшыларының жұмысын бағалаудың ашықтығы мен басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін икемді әрі объективті әдістеме әзірлеу. Кәсіби білім беру ұйымдарында KPI енгізудің халықаралық және қазақстандық тәжірибесі зерделенді. Талдау нәтижелері KPI жүйесін табысты енгізу үшін өңірлік және салалық ерекшеліктерді ескеретін икемді әдістеме қажет екенін көрсетті.
Ұсынымдар: қолданыстағы бағалаулармен қайталамайтын икемді әдістеме әзірлеу, басқарушылық құзыреттерге басымдық беру, мүдделі стейкхолдерлердің қатысуымен жұмыс тобын құру және тиісті нормативтік-құқықтық базаны әзірлей отырып, 2026 жылы пилоттық кезеңді іске асыру. Бұл тәсіл бағалаудың ашық әрі объективті жүйесін қамтамасыз етіп, ТжКБ-дағы басқару сапасы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді.

