«Талап» КЕАҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің парақшасына қош келдіңіздер!
«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2011 жылдан бастап Жарғы негізінде жұмыс істейді, Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады, квазимемлекеттік секторға жатады.
«Талап» КЕАҚ 770-тен астам колледждің қызметін үйлестіреді,
40 000-ға жуық оқытушыға әдістемелік қолдау көрсетеді, түрлі компаниялармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функциялары комплаенс-менеджерге жүктелген.
Комплаенс-менеджердің міндеті ұйым мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатта келесі құжаттар әзірленді:
- «Talap» коммерциялық емес акционерлік Қоғамының Корпоративтік этика Қағидалары
- Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделерінің қақтығысын анықтау және реттеу саясаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту
«Талап» қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және Қоғамның ішкі құжаттары бойынша оқытудан өтуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің https://mnu.kz, https://documentolog.com/ ұйымдарымен бірлесіп әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бағдарламасы «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде «Талап» қызметкерлеріне қолжетімді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті ақпаратты келесі сілтемелерден табуға болады:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы портал
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Егер сізде сұрақтар туындаса, m.karbozova@talap.edu.kz электрондық мекенжайы арқылы бізге хабарласуға болады.
Сіздерге сәтті шешімдер мен тамаша күн тілейміз!








