"Talap"
Создание эффективных систем ТиПО

Финляндия, 2026 жылғы маусым. WorldSkills Europe Бас ассамблеясы аясында WorldSkills Kazakhstan ұйымы кәсіби білім беруді дамытуға және білікті кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін «10 Years of Excellence» («10 жылдық Үздік тәжірибе») халықаралық марапатына ие болды. Бұл марапат Қазақстанның WorldSkills Europe қозғалысының белсенді әрі құнды мүшесі ретінде он жылдық қызметінің нәтижесін айқындайды.

          Сонымен қатар, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының ұлттық операторы – «Talap» КЕАҚ WorldSkills Europe қозғалысының мақсаттары мен құндылықтарын қолдағаны және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Honorary Supporter» («Құрметті серіктес») сертификатымен марапатталды.

          Аталған марапаттар Қазақстандық жастардың кәсіби шеберлігін дамыту бағытында қол жеткізген жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.

          Қазақстан WorldSkills International халықаралық қозғалысына 2014 жылдан, ал WorldSkills Europe ұйымына 2016 жылдан бері мүше. Осы уақыт ішінде еліміз кәсіби шеберлік чемпионаттары қозғалысын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 2015 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен WorldSkills әлем чемпионатына қатысып, алты құзыреттілік бойынша ел намысын қорғады.

          Бүгінде WorldSkills Kazakhstan қозғалысы өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттық технологиялар, дизайн, қызмет көрсету және көлік салаларын қамтитын 100-ден астам құзыреттілікті біріктіреді.

          WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жұмыстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жыл сайын елімізде мыңдаған колледж студенттері, сарапшылар мен жұмыс берушілер қатысатын өңірлік, салалық және республикалық кәсіби шеберлік чемпионаттары өткізіледі.

          «Talap» КЕАҚ президенті Ғалия Дәулетова халықаралық деңгейдегі бұл мойындау еліміздің кәсіби білім беру қауымдастығының бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

          Анықтама үшін:

          «Talap» КЕАҚ – Қазақстандағы WorldSkills халықаралық қозғалысының ұлттық операторы. Қозғалыстың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастардың кәсіби шеберлігін дамыту, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу.

          Қазіргі таңда WorldSkills қозғалысы әлемнің 90-нан астам елі мен өңірін біріктіретін, кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған ең ірі халықаралық алаң.

          WorldSkills қозғалысына мүше болған жылдар ішінде Қазақстан халықаралық аренада тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпыкомандалық медальдық есепте еліміз 2015 жылғы 50-орыннан 2025 жылы 20-орынға көтерілді. Осы уақыт аралығында Қазақстан халықаралық деңгейдегі он чемпионатқа қатысып, 17 марапат иеленді. Оның ішінде бір күміс, үш қола медаль және жоғары кәсіби шеберлік көрсеткен қатысушыларға берілетін 13 медальоны бар.

Қазақстан үшін келесі маңызды кезең – 2026 жылғы қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтетін 48-ші «WorldSkills Shanghai 2026» әлем чемпионаты болмақ. Қазақстан құрамасы өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттық технологиялар, қызмет көрсету және дизайн бағыттарын қамтитын 31 құзыреттілік бойынша қатысады.

Әлемдік дода қазақстандық қатысушыларға кәсіби даярлық деңгейін халықаралық аренада көрсетуге және WorldSkills қозғалысы аясында жаңа жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *