"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Challenger Institute of Technology

Challenger Institute of Technology TAFE Directors Australia білім беру ұйымдары желісінің мүшесі болып табылады. Сонымен бірге 19-шы ғасырдың соңынан бастап Батыс Аустралияның ең көне техникалық білім беру ұйымы атағына ие бола алады.

Challenger Institute of Technology www.challenger.wa.edu.au

 

 

Nanyang Polytechnic

Nanyang Polytechnic 1992 жылдың 1 сәуірінде құрылды. Оған медицина және денсаулық сақтау, менеджмент бизнесі, инженерия, ақпараттық технологиялар, дизайн, интерактивтік және сандық масс-медиа және химия, өмір тіралы ғылым мектептері  кіреді.

NYP кампусы 30,5 га құрайды және 15000 студент пен 1300 қызметкерлер сияды.  14 әкімшілік-оқу блогы, студенттердің дамуы мен рекреакциялық мақсаты үшін 3 блок, қызметкерлердің тұруына арналған 3 блок бар, 7 бейінді мектептер бойынша 89 білім беру бағдарламалары бар.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Nanyang Polytechnic 2012 жылы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде Сингапурда Nanyang Polytechnic базасында ТжКБ жүйесінің 140 басшылары мен педагогикалық қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстары жүргізілді.
Ресми сайт Nanyang Polytechnic www.nyp.edu.sg

TAFE Directors Australia

TAFE Directors Australia Аустралияның барлық 61 ТжКБ беру ұйымдарының консорциумы болып табылады. Құрылған жылы — 1998. Барлық TAFE консорциумының мүшелеріне Аустралия Достастығымен бекітілген және тіркелген білім беру ұйымдары жатады және мамандарды даярлау және кәсіптік білім саласындағы біліктіліктердің ұлттық аккредитациясы бар.

Біліктіліктер мен курстардың ұлттық аккредитациясы оқытуды өткізу мен оқу бағдарламаларын әзірлеудегі серіктестік пен өндіріс тығыз байланысқа байланысты үздік әлемдік тәжірибенің бірі болып саналады.

Холдинг және TAFE Directors Australia 2013 жылы серіктестік туралы меморандумға, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша қызметтер көрсету келісім шартқа қол қойылды.

Ресми сайт TAFE Directors Australia Inc. www.tda.edu.au

 

 

LD DIDACTIC Group (Германия)

165-жылдық тәжірибесі бар LD DIDACTIC Group техникалық инновацияны үнемі енгізіп отыруда.  LD DIDACTIC Group ғылыми-әдістемелік академиясы оқыту құралын өндірмес бұрын, тапсырыс беруші мемлекеттердің жаратылыстану ғылымдарының және инженерлік пәндердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, қолданыстағы білім беру стандарттарының талаптарын зерттейді. LD DIDACTIC Group заманауи оқу жүйесі тапсырыс берушінің ерекше талаптарына бейінделген, максималды практикалық сәйкестікпен сипатталады және авторлық оқу-әдістемелік құралдармен  сүйемелденеді.

LD DIDACTIC (Германия) – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ шетелдік серіктестерінің бірі, олармен бірге төмендегі тақырыптар бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді:

  1. Электр станцияларының және желілерінің электр құралдары;
  2. Химиялық технология және өндіріс;
  3. Икемді автомат желілері.

Модільдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу – мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі болып табылатын ТжКОБ мазмұнын жаңартумен байланысты.

Ресми сайт www.ld-didactic.de.

Ассоциация колледжей Великобритании TVET UK

TVET UK Ұлыбританияның алдыңғы қатардағы колледждерін біріктіретін ұйым болып табылады және ТжКБ британдық жүйесінің қызметтері мен мүмкіндіктерін экспортқа бағыттайды. Холдингпен жұмыс жасауға қызығушылық білдірген Ravensbourne колледжі, TVET UK желісінің мүшесі және дизайн мен жобалаудың әлемдік лидері болып саналады.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2014 жылы Астана және Алматы ққ. білім беру ұйымдарының Дизайн мектебін дамыту үшін TVET UK шетелдік серіктес ретінде анықтады. Серіктестік шеңберінде 4 мамандық бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді («Құрылыстағы дизайн», «Интерьер дизайны», «Ландшафт дизайны», «Өндіріс дизайны»)

 

Jyväskylän ammattikorkeakoulu (JAMK University of Applied Sciences) and Hämeen ammattikorkeakoulu (HAMK University of Applied Sciences) (Финляндия)

HAMK қолданбалы ғылымдардың көп бейінді университеті болып саналады. HAMK нақты салаларға мамандандырылған 7 бөлімнен (мәдениет, табиғи ресурстар мен қоршаған орта, жалпы білім беретін ғылымдар, бизнес пен басқару, әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау және спорт, технологиялар, коммуникациялар және транспорт, сонымен қатар кәсіби педагогикалық білім) тұрады.

Холдинг JAMK/HAMK 2013 жылдан бастап серіктестікте.

Серіктестік шеңберінде келесі бағыттар қарастырылған:

— Холдингтің Оқу-тренинг орталығының оқытушылардың, менеджерлердің, нұсқаушылардың және тренерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

— Финляндияға Холдинг менеджерлерінің оқу іс-сапарларын және машықтанудан өтуін ұйымдастыру;

— бір тараптың ұйымдастырған іс-шараларына, семинарларына немесе конференцияларына қатысу.

Ресми сайт Jyväskylän ammattikorkeakoulu (JAMK University of Applied Sciences) www.jamk.fi

Hämeen ammattikorkeakoulu (HAMK University of Applied Sciences) www.hamk.fi

 

ELETTRONICA VENETA S.p.A

ELETTRONICA VENETA S.p.A – оқыту құралдары саласында әлемдік лидері болып саналатын итальяндық кәсіпорын және зерттеу және дидактикалық құралдарды өндіру, монтаждау және жобалауға мамандандырылған.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2014 жылы Elettronica Veneta Spa серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік шеңберінде «Apec Petrotechnic» зертханаларын, класстарын жабдықтау үшін оқу-өндірістік құралдарды сатып алу бойынша қызметтер көрсетілді.

Ресми сайт www.elettronicaveneta.com

 

 

British Сouncil

Білім мен мәдени байланыстарға жол ашатын алдыңғы қатардағы халықаралық ұйым.

Қазіргі таңда әлемнің 109 мемлекетінде жұмыс жасайды.

Білім мен мәдени алмасу саласында мүмкіндіктерді туғызады.

Азаматтық қоғам, даму мен басқару саласында британдық және жергілікті серіктестермен жұмыс.

Ұлыбританиядағы инновациялық және шығармашылық жетістіктерді көрсету және өзара пайдалы серіктестік қарым-қатынас үшін Ұлыбритания, Қазақстан және Қырғызстан тұрғындарын біріктіру

 

 

Американский совет по международному образованию

Ұйым 1974 жылы АҚШ құрылған. Бұрыңғы Кеңес Одағы мемлекеттерінде институционалдық дамытуға, академиялық алмасуға, кәсіптік білімге, білім беру бағдарламалары мен тесттерді дистанционды оқытуды дамытуға бағытталған.

 

Pearson Education Ltd.

Pearson Education Ұлыбританияның білім беру саласындағы алдыңғы қатардағы ұйымдарының бірі. Әлемнің 85 астам мемлекетімен 1844 жылы құрылған, әлем бойынша 400 астам білім беру ұйымдары біріктіреді және 50000 жуық адамды оқытады.

Pearson Education дүниежүзі бойынша ТжКБ 1000 астам білім беру ұйымдарымен халықаралық серіктестік бойынша орасан зор тәжірибесі бар, және әлемдік стандарттарға сай қазақстандық колледжерді сертификаттау құқығы бар.