"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 15 сәуірде онлайн форматта Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКОБ) мәселелері жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі – РОӘК) отырысы өтті.

Отырыс жұмысына РОӘК мүшелері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің, «Talap» КеАҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, оқу-әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, облыстық білім басқармаларының ТжКБ бөлім басшылары, ТжКБ ұйымдары директорлар кеңесінің төрағалары қатысты.

Отырыс барысында ТжКОБ саласындағы кейбір нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер бойынша мәселелер қарастырылды, атап айтқанда «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №509 бұйрығына өзгерістер енгізу бөлігінде.

Сонымен бірге отырыс қатысушылары ТжКОБ республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанындағы Сараптама кеңесінің қызметін жүзеге асыру, ТжКОБ ұйымдарына кәсіпорындардың қамқорлығын ұйымдастыру, ТжКОБ білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша өзектендірілген әдістемелік ұсынымдарды қарастырып, ТжКОБ жүйесінің педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу мәселесін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, нақты шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *