«Talap» КеАҚ 2024 жылдың қыркүйек айының 4-ші жұлдызында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен кездесу өтті. Кездесу халықаралық даму саласындағы перспективалық ынтымақтастықты және серіктес елдерді дамытуға бағытталған жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды талқылауға арналды.
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі – Қазақстан Үкіметі құрған дамуға ресми көмек саласындағы оператор. Агенттік ҚР СІМ ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. “KazAID” ДРК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, серіктес елдерге даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді.
Отырыста Басқарма төрағасының орынбасары – «KazAID» КЕАҚ Мониторинг және әкімшілендіру департаментінің директоры Сыздыков Олжас Алкенович, «KazAID» КЕАҚ Мониторинг және әкімшілендіру департаментінің бас заңгері Садуова Алуа Бауыржанқызы, «KazAID» КеАҚ серіктестік және өңірлік жобалар басқармасының менеджерлері Тулькибаев Тлек Ерболович және Тулендинов Бахтияр Рашитович, «Talap» КеАҚ вице-президенті Байдженов Ерлан Оракбаевич және бас менеджер Кадирова Малика Сейтмахамбетовна қатысты.
Отырыс барысында, Олжас Алкенович «KazAID» қызметі және серіктес елдерді дамыту мақсатында қазақстандық технологияларды, білімді, тәжірибе мен құзыреттерді ілгерілетуге бағытталған жобалар туралы баяндап берді. Өз кезегінде, Еран Орақбайұлы «Talap» КеАҚ іске асырған қызмет пен инновациялар, сондай-ақ ұйымның одан әрі даму перспективалары туралы ақпаратты ұсынды.
Кездесу соңында тараптар бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге келді.
0 Comments