Балқаш көпсалалы колледжінде “Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу” тақырыбында кездесу өтті. “Балқаш қаласы конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы” КММ түсіндіру тобының теологі Тұрлыбек Қадыр Сәкенұлы қатысушыларға дін жайында ақпарат берді.
Мақсат – олардың теріс ағым жайлы ақпаратпен таныс болып, теріс жолға түспеуіне ықпал ету.
Көбіне радикалды ұйымдар мен деструктивті діни қозғалыстарға тартуда басты аудитория – жастар. Егер бұрын қыздар мен жігіттерді террористерге қосылуға итермелеген негізгі себептер кедейлік, білім мен өмір сүру деңгейінің төмен болуы болса, қазір ақпараттық технологиялардың дамуымен барлық адамдар тең болды. Ал бүгінде террористер қатарында ауқатты және білімді отбасылардан шыққан жастар едәуір көп.
Маман балаларға деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы айтып, мұндай ұйымдарға кірмеу туралы практикалық ұсыныстар берді. Алдын алу дертті емдеуден гөрі жақсы екенін бәріміз білеміз. Сондықтан ТжКБ ұйымдарында студенттермен үнемі жұмыстар жүргізіледі.
0 Comments