"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай қаласындағы Allur заводында «Автомобиль көлігі саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру» атты біліктілікті арттыру курстары бастау алды. Бұл оқыту бағдарламасын «Тalap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастыруда.

Курс тыңдаушыларға автомобиль көлігі саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық жабдықтарды меңгеріп, өз пәндерін оқытудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Бағдарлама аясында педагогтер алдыңғы қатарлы әдістемелерді игеріп, өндірістік процестердің барлық кезеңдерімен тәжірибе жүзінде танысады.

Курсты сәтті аяқтаған мамандар өз кәсіби құзыреттіліктерін едәуір жетілдіріп, білім алушыларға жаңашыл әрі сапалы оқыту әдістерін ұсынуға дайын болады. Бұл саладағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маңызды қадам болып табылады.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *