Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (2026 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) сәйкес, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамында 2026 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін ұйым қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіледі.
Талданып отырған саланы және көрсетілген бағытты жетілдіруге қатысты ұсыныстарыңыз болған жағдайда, 8 (7172) 575126 телефоны арқылы хабарласуыңызға немесе тиісті ақпаратты ұйымның комплаенс-менеджеріне compliance@talap.edu.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша жолдауыңызға болады.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.



0 Comments