"Talap"
Создание эффективных систем ТиПО

«Talap» КеАҚ «Педагогика 360» ЖШС-мен бірлесіп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін онлайн оқытуға және инновациялық жұмыстар конкурсына қатысуға шақырады.

Мерзімдері. Конкурс – 2026 жылғы 5 қараша – 30 желтоқсан; оқу – 5 қараша – 14 желтоқсан. Оқыту курсы қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Конкурсқа қатысу тегін,

Қатысу тәртібі. «Білім беру процесіндегі жасанды интеллект құралдары: оқыту тиімділігін арттыру» курсын (72 академиялық сағат) сәтті аяқтаған педагогтердің қорытынды жобалары конкурсқа автоматты түрде қатысады. Жеке өтінім қажет емес. Сертификатты рәсімдеу (қалауы бойынша) –10 000 теңге.

Марапаттар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар беріледі, үздік жобалар электрондық жинаққа енгізіледі. Оқуды аяқтап, сертификат алған педагогтерінің үлесі ең жоғары бес колледждің әрқайсысына 15 компьютерден тұратын цифрлық зертхана беріледі. Іріктеуге қатысу үшін бұл үлес кемінде 70% болуы қажет.

Колледждерге. 5 қарашаға дейін үйлестірушіні тағайындап, белгіленген нысандағы мәліметтерді info@talap.edu.kz мекенжайына жіберу қажет. Басшылар мен үйлестірушілерге арналған онлайн-вебинар – 3 қараша, сағат 15:00-де.

Курсқа тіркелу: https://forms.gle/fFhQi4ZEmsvY9CHu7

Конкурс Ережесі мен өткізу шарты Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына хатпен жіберілді.

Байланыс: Құлмұрат Жанаргул 8 702 941 20 04, Тлеубергенова Акнур  8 702 643 11 14.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *