"Talap"
Создание эффективных систем ТиПО

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізу үшін келесі бағыттар бойынша мамандарды тартатынын хабарлайды:

  1. Электрмен жабдықтау;
  2. Тігін ісі;
  3. Жасанды интеллект;
  4. Машина жасау.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • курстардың білім беру бағдарламаларының бейініне, мамандығына, бағытына сәйкес келетін салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік және (немесе) жоғары білімінің болуы.

 

Қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. белгіленген нысан бойынша үміткердің түйіндемесі;
  2. жұмыс өтілін растайтын құжаттар;
  3. білім туралы құжаттар;
  4. тиісті бейін бойынша біліктілікті арттыру және/немесе тренерлерге арналған оқудан өткенін растайтын қосымша құжаттар (бар болса);

 

Құжаттар 2026 жылғы «2» және «6» қыркүйек аралығында urp@talap.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Құжаттарды уақтылы және (немесе) толық ұсынбау оларды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Біздің мамандарымыздың қатарына қосылыңыз!

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *