Өткізу кезеңі: 2026 жылғы 10–18 қыркүйек
Халықаралық чемпионатқа дайындық шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының (бұдан әрі – ҚР ҰҚ) қатысушыларына төменде көрсетілген талаптарға сәйкес психологиялық даярлық жүргізу үшін білікті мамандарды іздеу туралы хабарланады.
Лот бойынша мемлекеттік тапсырма шеңберінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының қатысушыларын психологиялық даярлау және команданы қалыптастыру жұмыстарын жүргізу үшін мамандарды тарту» қызметтерін сатып алуға бөлінген сома осы хабарландыруға қоса берілетін техникалық ерекшеліктерде көрсетілген қызмет түрлеріне сәйкес 11 500 000 (он бір миллион бес жүз мың) теңгені, ҚҚС-сыз құрайды.
1. Даярлықтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
- қатысушылардың WorldSkills Shanghai 2026халықаралық чемпионатына психологиялық тұрғыдан дайындығын қалыптастыру;
- күйзеліске төзімділікті, өзін-өзі реттеу және эмоционалдық тұрақтылық дағдыларын дамыту;
- зейінді шоғырландыруды, мотивацияны, өзіне деген сенімділікті және командалық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру.
Негізгі міндеттері:
- психологиялық диагностика жүргізу және жеке мақсаттарды айқындау;
- күйзелісті, эмоцияларды және алаңдаушылықты басқару дағдыларын дамыту;
- зейінді шоғырландыру және шектеулі уақыт жағдайында жұмыс істеу қабілетін дамыту;
- көшбасшылық қасиеттерді, мотивацияны және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- коммуникация, өзара сенім, командалық өзара іс-қимыл және жанжалдарды шешу дағдыларын дамыту.
2. Форматы және ұзақтығы
- Форматы:офлайн;
- Өткізу мерзімі:2026 жылғы 10–18 қыркүйек;
- Ұзақтығы:кемінде 6 оқу-жаттығу күні және 48 академиялық сағат;
- Қатысушылар саны:32 адам;
- Бір маманға түсетін жүктеме:бір маманға 20 қатысушыдан аспауы тиіс.
3. Мамандарға қойылатын талаптар
- психология, спорт психологиясы, педагогика және психология, клиникалық психология немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары бейінді білімінің болуы;
- мамандығы бойынша кемінде 2 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
- тренингтер, семинарлар, интенсивтер немесе осыған ұқсас бағдарламаларды өткізу тәжірибесінің болуы;
- заманауи, ғылыми негізделген диагностика және психологиялық сүйемелдеу әдістемелерін меңгеруі;
- күйзеліске төзімділік, эмоционалдық интеллект, конфликтология, команданы қалыптастыру, көшбасшылық және мотивация бағыттары бойынша құзыреттерінің болуы;
- кәсіби этика, құпиялылық және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын міндетті түрде сақтауы.
Қосымша шарттар:
- мамандар жеке кәсіпкер (оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға) ретінде де, заңды тұлғаның (компанияның) қызметкері ретінде де қатыса алады;
- Орындаушы қосалқы міндеттерді (логистика, техникалық сүйемелдеу, кеңістікті ұйымдастыру және т.б.) шешу үшін тиісті біліктілігі бар үшінші тұлғалар мен өзге де мамандарды тартуға құқылы. Бұл ретте түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілік негізгі өтінім берушіге жүктеледі.
4. Инфрақұрылымға қойылатын талаптар
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, тұруға және бағдарламаны өткізуге мүмкіндік беретін бір объект;
- №1 конференц-зал – кемінде 150 м²;
- №2 конференц-зал – кемінде 90 м²;
- коворкинг – кемінде 30 м²;
- психологиялық демалу бөлмесі – кемінде20 м²;
- техникалық бөлме – кемінде 50 м²;
- жарамды мультимедиялық жабдықтар, жиһаз, Wi-Fi, кондиционерлеу жүйесі, ауызсу және сабақ өткізуге қажетті материалдар;
- тәулік бойы күзеті, бейнебақылауы, кіруді бақылау жүйесі және өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымы бар қауіпсіз әрі абаттандырылған аумақ.
5. Тұруға орналастыру
- кемінде 3 жұлдызды қонақүйнемесе соған теңестірілген орналастыру объектісі;
- 32 қатысушы – бір бөлмеде 4 адамнан артық емес, жынысына қарай бөлек орналастырылады.
6. Медициналық және логистикалық сүйемелдеу
- білікті медицина қызметкерінің тұрақты болуы және алғашқы медициналық көмек қобдишасының болуы;
- қатысушыларға тәулік бойы, оның ішінде түнгі уақытта да психологиялық сүйемелдеу көрсету;
- қауіпсіз көлікті, жүргізушілер мен сүйемелдеуші тұлғаларды, оның ішінде резервтік көлікті ұйымдастыру.
7. Есептілік
- күн сайын сағат 21:00-ге дейінесеп ұсыну: өткізілген бағдарлама, қатысу көрсеткіші, мамандар, ескертулер мен оқиғалар туралы ақпарат;
- күн сайын кемінде 10 фотосуреттентұратын фотоесеп ұсыну (JPEG/PNG форматы, кемінде 4032×3024 ажыратымдылықта, сутаңбасыз және графикалық элементтерсіз);
- күн сайын кемінде 20 секундтан 5 бейнероликтентұратын бейнеесеп ұсыну;
- қатысу, сабақтар, жеке консультациялар, нұсқамалар, медициналық жүгінулер және оқиғалар журналдарын жүргізу;
- барлық 32 қатысушыға жеке қорытынды психологиялық қорытындыжәне қорытынды аналитикалық есеп дайындау.
8. Қосымша шарттар
- қорытынды тимбилдинг 2026 жылғы 17 қыркүйектеөткізіледі, оның ішінде көлік, медициналық сүйемелдеу және гондолалық аспалы жол арқылы көтерілу/түсу қызметтерін ұйымдастыру қарастырылады;
- өткізу орны:«Шымбұлақ» тау курорты немесе Тапсырыс берушімен келісілген өзге де орын;
- тимбилдинг қорытындысы бойынша кемінде 30 фотосурет және 10 бейнероликұсынылуы тиіс;
- бағдарламаға, сабақ кестесіне және мамандар құрамына енгізілетін барлық өзгерістер Тапсырыс берушімен тек жазбаша келісім бойынша жүзеге асырылады;
- барлық жаттығулар мен консультациялар демалыссыз және үзіліссіз, интенсивті форматта өткізілуі тиіс;
- Орындаушы қауіпсіздікті, дербес деректердің құпиялылығын және қолданылатын әдістемелердің ғылыми негізділігін қамтамасыз етуге міндетті;
- Тапсырыс беруші тексеру жүргізуге, сабақтарға қатысуға, сондай-ақ тұру жағдайлары мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға құқылы.
9. Құжаттарды ұсыну
Үміткерлерден төменде көрсетілген құжаттарды бір архивтік файлға жинақтап, электрондық пошта арқылы ұсыну сұралады:
📧 s.imanzhusupova@talap.edu.kz
Құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 17 тамыз.
Ұсынылатын құжаттар тізімі:
- түйіндеме (резюме);
- жеке куәліктің көшірмесі;
- тиісті бейін бойынша дипломның көшірмесі;
- курстардан, тренингтерден және біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткені туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
- жұмыс өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама және т.б.);
- ұқсас жобаларға қатысқанын растайтын құжаттар (мүмкіндігінше);
- тартылатын персоналдың тізімі;
- волонтерлердің тізімі, олардың жасы, атқаратын функциялары және тәжірибесі көрсетіле отырып;
- тренинг өткізу бағдарламасы қоса берілген коммерциялық (бағалық) ұсыныс(тақырыптары, әдістері және сабақ кестесі көрсетілуі тиіс).
Байланыс үшін:
Иманжусупова Сая Ерденқызы
📞 Телефон: +7 (7172) 57-51-15 (ішкі нөмірі 9)


0 Comments