Бас сарапшыларды іріктеу туралы хабарландыру
WorldSkills Kazakhstan 2026
«Talap» КЕАҚ — WorldSkills Kazakhstan ұлттық операторы — WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионатына қатысу үшін Бас сарапшылар позициясына үміткерлерді іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Іріктеу WorldSkills Kazakhstan Бас ассамблеясының 2026 жылғы 20 ақпанда бекітілген жаңа ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Іріктеудің мақсаты
Чемпионатты халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін Бас сарапшылар құрамын қалыптастыру.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
- 2025–2026 жылдары WorldSkills Kazakhstan бойынша оқудан өтіп, сертификат алған болуы
- Аймақтық немесе республикалық чемпионаттарда сарапшы/бас сарапшы ретінде тәжірибесі болуы
- Бағалау жүйесін және Technical Description талаптарын білуі
- Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе жаңарту тәжірибесі болуы
- WorldSkills регламенттерін бұзу фактілері болмауы
Өтінім беру тәртібі
1. Тіркелу:
Форманы толтыру
2. Тестілеу:
Қажетті құжаттар:
- Сарапшы сертификаттары
- Түйіндеме (резюме)
- Оқудан өткенін растайтын құжат
- Жеке куәлік және диплом көшірмелері
- Дербес деректерді өңдеуге келісім
Іріктеу кезеңдері
1. Алдын ала кезең:
- Құжаттарды тексеру
- Тәжірибені талдау
- Тестілеу
2. Бағалау кезеңі:
- Практикалық тапсырма
- Сұхбат (онлайн/офлайн)
3. Қорытынды:
- Бас сарапшылар тізімін бекіту
Бағалау критерийлері
- Стандарттар мен регламенттерді білу
- Практикалық тәжірибе
- Ұйымдастырушылық және көшбасшылық дағдылар
- Объективтілік және бейтараптық
- Құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары
Нәтижелер
Іріктеу нәтижелері WorldSkills Kazakhstan ресми ресурстарында және «Talap» сайтында жарияланады.
Байланыс
Жалпы сұрақтар:
Еставлетова А.А. — 8 700 405 9855
Хлопжанова Г.Т. — 8 700 540 1915
Тіркелу бойынша:
Әбдіғұлов Абылайхан — 8 702 193 2142
Тестілеу бойынша:
Төлеуов Алмас — 8 701 611 2235
Құзыреттер
- Веб-технологиялар
- Мобильді қосымшаларды әзірлеу
- Желілік және жүйелік әкімшілендіру
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Бизнеске арналған IT шешімдер
- АКТ желілері инфрақұрылымы
- Мехатроника
- Мобильді робототехника
- Өнеркәсіптік автоматика
- Электроника
- Дәнекерлеу технологиялары
- ЧПУ токарлық жұмыстар
- ЧПУ фрезерлік жұмыстар
- Инженерлік графика CAD
- Зертханалық және химиялық талдау
- Кірпіш қалау
- Сантехника және жылыту
- Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары
- Плиткамен қаптау
- Электромонтаж жұмыстары
- Сәндік және бояу жұмыстары
- Графикалық дизайн
- Сән технологиясы
- 3D ойын модельдеу
- Автокөлік жөндеу және қызмет көрсету
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары
- Аспаздық іс
- Кондитерлік іс
- Шаштараз өнері
- Наубайшылық
Серіктестер есебінен құзыреттер
- 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру
- Цифрлық модельдеу
- Флористика
- Ветеринария
- Қонақ үй ресепшні
- Құтқару жұмыстары
- Локомотивті басқару
- Бастауыш сыныптарды оқыту
- Мектепке дейінгі тәрбие


0 Comments