"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

📚 Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаз оқушыларды марапаттады. Биыл олимпиадаға математика, физика және информатика пәндерінен барлығы 612 оқушы мен 122 команда жетекшісі қатысты. Сайыскерлер әлемнің 16 елінен жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар.

🔗 Олимпиада екі турдан тұрды. Тапсырмалар мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкестендірілді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының құрамында халықаралық деңгейде мойындалған мамандар бар, ал төрағасы – ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев.

⚜️ «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстан үшін техникалық интеллегенцияны құрылымдау өте маңызды, тіпті стратегиялық қажеттілік деген болатын. Ал техникалық интеллегенция – инновациялардың, жаңа технологиялардың және өнімділіктің драйвері бола алады. Сіздер білім сайысында математика, физика және информатика пәндерінен терең білімдеріңізді көрсетіп, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттеріңізді шыңдадыңыңздар. Көптің арасынан суырылып алға шықтыңыздар. Сіздер – еліміздің келешек техникалық интеллегенциясының негізін құрайтын мақтанышысыздар. Бүгінгі алған жүлделеріңіз – Қазақстанның ертеңіне қосқан үлестеріңіз», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

✴️ Биылғы олимпиада қорытындысы бойынша 70 оқушы алтын, 96 оқушы күміс, 158 оқушы қола медаль иеленді. Интеллектуалдық сайыс аясында барлығы 324 медаль сарапқа салынды. Сонымен қатар, жоғары нәтиже көрсеткен командалардың жетістіктері де арнайы аталып өтті.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *