
2025 жылғы 3 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы және шетел колледждерінің студенттері арасында «Мен – кәсіпкермін» Гранд-турнирінің республикалық кезеңі басталды. 7 қарашаға дейін өңірлік кезеңдердің жеңімпаздарынан өтінімдер мен конкурс жұмыстары қабылдау толық аяқталды. Қазіргі уақытта Республикалық кезеңге іріктеу туры жүргізілуде.
2025 жылы бұл іс-шара өз көкжиегін айтарлықтай кеңейтуде: Республикалық Гранд-турнирге Қырғызстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан халықаралық қазылар алқасы мен жастар командалары қатысуда.
Турнирдің мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік құзыреттіліктерді дамыту, стартап бастамаларын қолдау және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында заманауи бизнес мәдениетін қалыптастыру.
Өңірлік кезеңге барлығы 925 жоба ұсынылып, 1388 студент қатысқан. Іріктеу нәтижелері бойынша келесі бағыттар бойынша ең үздік жобалар таңдалды: әлеуметтік кәсіпкерлік, сауда, қонақжайлылық және тамақтану қызметі, өндіріс, технологиялық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, шоу-бизнес, мәдениет және өнер, дизайн (түрлері) мен шығармашылық индустриялар, білім беру, коммуникациялар, ақпараттық және цифрлық технологиялар, медицина, денсаулық сақтау және сұлулық, туризм, көлік және логистика, экология.
Өңірлік іріктеу нәтижелері бойынша еліміздің 20 өңірінен 185 үздік жоба Республикалық кезеңге өтті.


0 Comments