
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи білім беру бастамаларын біріктіретін бірегей платформа – Ұлттық портфельге енгізу үшін өздерінің үздік білім беру бағдарламаларын ұсынуға шақырамыз.
Неліктен қатысу маңызды:
- Сіздің бағдарламаларыңыз білім алушылардың дайындық сапасын арттыруға көмектеседі;
- Сіздің бағдарламаларыңыз дәлелденген және тиімді шешімдері бар бірыңғай ресурстың бөлігі болады;
- Сіз мемлекет, бизнес және кәсіби қауымдастықтар серіктестігінің бір бөлігі боласыз.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 17-28 қараша.
Іріктеуге қатысу үшін ТжКОБ ұйымдары электрондық өтінім беріп, құжаттарды nation.portfel@talap.edu.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет.
Үздік тәжірибеңізді ұсынып, Ұлттық деңгейде танылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!


0 Comments