"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 14 тамызда Астана қаласында, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында, «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбымен педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы аясында «Жұмысшы мамандықтар жылы: техникалық және кәсіптік білім мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері» атты панельдік секция өтті.

Панельдік секция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» КеАҚ-ның өкілдері, өңірлік білім басқармаларының техникалық және кәсіптік білім бөлімдерінің басшылары, ТжКБ ұйымдары директорлар кеңестерінің төрағалары, колледж директорлары мен олардың орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Секция жұмысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Асет Ғарифоллаұлы Мұханбетов «Жұмысшы мамандықтар жылы: басым бағыттарды іске асыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім саласын трансформациялауда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Панельдік секция барысында Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Certiport Pearson VUE компаниясының өңірлік директоры, қолданбалы технологиялар мен таланттарды дамыту саласындағы сарапшы Арек Яворски халықаралық сертификаттаудың жастардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтудегі рөлі мен маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, БРИКС Іскерлік кеңесінің кәсіби даярлау, қолданбалы технологиялар және инновациялар жөніндегі жұмыс тобының төрағасы, БРИКС кадрлық әлеуетті дамыту альянсының және БРИКС кадрлар, технологиялар және инновациялар академиясының президенті Доктор Лю Женьинь «BRICS+ нәтижелері – Орталық Азия үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сөз алып, BRICS+ форматындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағына тоқталып, бұл үрдістің Орталық Азия елдері үшін, оның ішінде Қазақстан үшін ашып отырған жаңа мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды.

Панельдік секцияның аясында «Болашақ еңбек нарығына бейімделген білім беру: жұмысшы мамандықтарының сапасы мен сұранысын қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Диалог алаңында жұмысшы мамандықтарының сапасын арттыру және нарық сұранысын қамтамасыз ету үшін білім беру мазмұнын жаңарту, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты күшейту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ, «Alem School» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ермек Күзенбаев цифрландыру дәуіріндегі жұмысшы мамандықтарының маңыздылығына тоқталса, «ERG» ЖШС «Сервис орталығының» әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Олжас Мамырбаев еңбек нарығындағы жаңа өзгерістер жағдайында бизнес пен білім берудің ынтымақтастығын нығайту арқылы кадрлар сапасын арттыруда компанияның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Сондай-ақ екінші секцияда «Болашақтың дағдылары: ұстаз – инновациялар әлеміне жол бастаушы» атты воркшоп ұйымдастырылды.

Воркшопқа ТжКБ ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне AI құралдарын сабақта қолдану, проактивті педагогика, ойлау дизайны және заманауи оқыту әдістері бойынша тренингтер мен мастер-класстар ұйымдастырылды.

Панельдік секция жұмысының нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру бағытында талқыланған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.

ТжКБ тамыз секциясының QR-материалдары:

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *