"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 8 тамызда Алматы облысында Өңір нарығында сұранысқа ие мамандықтардың әлеуметтік беделін арттыру мақсатында Қарасай ауданы, Іргелі ауылы (Ақжол көшесі №13/51) Group of companies «Altyn Juldyz» ЖШС базасында «Career day» аймақтық мансап күні өткізілді.

Мансап күніне Талғар ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қарасай ауданы, Алматы және Қонаев қалалары колледждерінен 100-ден аса студенттер, ата-аналар, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты.

Шара барысында студенттердің «Тігінші» мамандығы бойынша шығармашылық ізденістерін арттырудың жолдары туралы да кеңінен ақпарат берілді.

«Group of companies Altyn Juldyz» ЖШС-де өндірілетін өнімдердің шығарылу жолдарын, сапалы өнім шығарудағы заманауи құрылғылардың мүмкіндіктерін, бизнесті іске асырудағы қаржылық қарым-қатынас сауаттылығын игерудің мүмкіндіктерін жұмыс нәтижесі арқылы ұсынды.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *