"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Talap” КеАҚ.

Әсіресе дәнекерлеуші, токарь, слесарь, электрик және механиктер ауадай қажет. Өңірдегі кадр тапшылығы мәселесі Кентаудағы №7 колледжде өткен жиында талқыланды. Іс-шара барысында дуальды оқыту жүйесімен білім алып жатқан студенттерге жалақы төлеу ұсынылды. Мамандардың сөзінше, бұл жастардың  еңбек нарығында тұрақтап қалуына оң ықпал етеді. Айта кетейік, кәсіптік колледж 9 бағыт бойынша маман даярлайды. Биылдан бастап лифт шаруашылығы және эскалатор механигі мамандығы енгізіліп отыр.

Ерболсын Жаманқұлов, Кентау трансформатор зауытының бас технологы:

– Бізге дәнекерлеуші, токарь, слесарь мамандары өте тапшы. Сол себепті осы №7 колледжбен біз дуалды оқыту жүйесі бойынша қызмет жасап отырмыз. Яғни бізге өндіріске қажетті дәнекерлеуші мамандарды және токарь мамандарын дайындап, екі мекеме арасында қарқынды жұмыс жалғасы жатыр.

Талғат Тауасаров, №7 кәсіптік колледж директоры:

– Өндірістік іс-тәжірибеге менде 34 мекемен меморандум түзілген. Дуалды оқыту бойынша 11 мекемемен бар. Жұмыспен қамтылу бойынша 75% кем емес. Әлі де мекемелер жан-жақтан мамандар сұратып жатыр. Сол мекемелерге маман даярлауға дайынбыз. Биылға 80%-тен асырсақ деген ойдамыз.
Толығырақ сілтемеде

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *