"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 11–15 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында колледж студенттері арасындағы кәсіби шеберлік бойынша халықаралық чемпионаттың бірінші кезеңі өтті. Қазақстандық команда бұл байқауда еліміздің атынан сәтті өнер көрсетті.

Сайыс Қытайдың жетекші колледждерінің бірінің базасында ұйымдастырылып, әлемнің түрлі елдерінен қатысушыларды жинады. Қазақстан атынан «Өнеркәсіптік автоматика» және «Электрмонтаждау жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша қатысушылар, сондай-ақ «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша халықаралық сарапшы — Сұлтанов Ерасыл қатысты.

Қазақстан атынан қатысқан қатысушылар:

Түркменбаев Серік Ермекбайұлы – О. Турмағанбетов атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі;

Мырзабаева Көркемай Медетқызы – APEC PetroTechnic жоғары колледжі;

Аман Артур Тұрланұлы – APEC PetroTechnic жоғары колледжі;

Репнин Михаил Александрович – «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК.

Бірінші кезеңге қатысу – жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда келесі кезеңге өтуге мүмкіндік береді. Бұл байқау EuroSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатына дайындықтың маңызды бөлігіне айналып, қатысушыларға халықаралық ортада тәжірибе жинап, кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Анықтама: World Vocational College Skills Competition (ВКСС) чемпионаты — техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің студенттері арасында практикалық кәсіби дағдыларды көрсету және дамытуға бағытталған халықаралық жарыс.

 

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *