Оқыту форматы: офлайн
«Электрмен жабдықтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін дамыту» білім беру бағдарламасы арнайы пәндер (кәсіптік модульдер) оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің инновациялық технологиялар негізінде оқытылатын модульдер (пәндер) мазмұнын өзектендіруге, жалпы білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған
Мақсаты – электр энергетикасы саласының педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер анықталды:
- электрмен қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық базамен және қазіргі заманғы трендтермен танысу;
- электр жабдықтарын тексеру, сынау және баптаудың заманауи құралдары мен әдістерін қолдану дағдыларын жетілдіру;
- заманауи БЛК (бағдарламаланатын логикалық контроллер) қолдану бойынша білім мен дағдыларды өзектендіру және бағдарламалау негізінде электр жабдықтарын басқару алгоритмдерін құру;
- электр энергетикалық кәсіпорындардың өндірістік қызметін ұйымдастыру бойынша жаңа білім мен дағдыларды игеру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері
Біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін тыңдаушы:
- өзекті нормативтік-техникалық құжаттар мен кәсіби стандарттарды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттерін қалыптастырады. Сала бойынша оқытушының функционалдық картасын жасай алады;
- берілген жұмыс алгоритмдері бойынша электр жабдығының жұмысын тексеру бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіреді;
- заманауи БЛК (бағдарламаланатын логикалық контроллер) қолдану дағдыларын өзектендіреді және электр жабдықтарын басқару алгоритмдерін әзірлейді;
- өзінің кәсіби қызметінде практикалық дағдыларды қолданады
Бағдарлама мазмұны:
Модуль 1 | Электрмен қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық база және қазіргі заманғы трендтер |
Модуль 2 | Электр жабдықтарын тексеру, сынау және баптау |
Модуль 3 | Бағдарламалау негізінде электр жабдықтарын басқару алгоритмдерін құру: заманауи тәсілдер мен практикалық мысалдар |
Модуль 4 | Кәсіпорындар/ұйымдар базасында тағылымдама |
4 Модулдің («Кәсіпорындар/ ұйымдар базасында тағылымдама») қорытындысы бойынша педагог «Talap» КЕАҚ-ға кәсіпорын (ұйым) толтырған кәсіпорын (ұйым) базасында Педагог тағылымдамадан өткені туралы анықтаманы ұсынады. Педагог ұсынған кәсіпорын (ұйым) базасында Педагогтің тағылымдамадан өткені туралы анықтама негізінде «Talap» КЕАҚ тағылымдамадан өткені туралы сертификат береді.
0 Comments