«Ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану саласындағы ТжКБ педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» білім беру бағдарламасы арнайы пәндер (кәсіптік модульдер) мен өндірістік оқытуды оқытуда заманауи және инновациялық технологияларды зерделеу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және оқытылатын модульдер (пәндер) мазмұнын өзектендіруге бағытталған
Бағдарламаның мақсаты – құрылыс саласының педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылған:
- құрылыс технологиясының қазіргі даму тенденцияларын зерделеу, осы саладағы қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау;
- құрылыс мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру әдістемесін қолдану бойынша дағдыларды жетілдіру;
- кәсіби стандарт талаптарын ескере отырып педагогикалық әдістерді бейімдеу;
- кәсiпорындар/ұйымдар базасында бейiн бойынша кәсiптiк бiлiм мен практикалық дағдыларды жетiлдiру.
Бағдарламаның вариативтілігін ескере отырып, келесі міндет анықталды:
- ҰБШ 4-деңгейіндегі мамандарды дайындайтын педагогтерге, BIM технологияларын қолдана отырып, жобалық шешімдерді орындау;
- ҰБШ 3-деңгейі бойынша мамандарды дайындайтын педагогтер үшін –жетекші отандық және халықаралық тәжірибелер негізінде құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары бойынша кәсіби дағдыларды дамыту.
Күтілетін оқу нәтижелері
Тыңдаушы біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін:
- нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдана алады, құрылыс саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді талдайды;
- құрылыс саласындағы мамандарды даярлау ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру дағдыларын дамытады;
- кәсіби қызметінде практикалық дағдыларды жаңартады және қолданады.
Бағдарламаның вариативтілігін ескере отырып:
- ҰБШ 4-деңгейіндегі мамандарды дайындайтын педагогтерге – BIM (Building Information Modeling) технологиясы негізінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдала отырып, көлемді жобалық объектілерді жасайды;
- ҰБШ 3-деңгейі бойынша мамандарды дайындайтын педагогтер үшін –
құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары бойынша практикалық дағдыларын жетілдіреді.
Бағдарлама мазмұны:
1 модуль | Құрылыс саласын дамытудың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі және заманауи тенденциялары |
2 модуль | Мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып, студенттерді оқытуда білім беру процесін жүзеге асырудың заманауи әдістері |
вариативті бөлім | |
3 модуль
«ҰБШ 4-деңгейі бойынша мамандарды даярлайтын педагогтер үшін» |
«Құрылыс саласындағы автоматтандырылған жобалау технологиялары: BIM және AutoCAD, ArchiCAD бағдарламаларымен жұмыс» |
3-ші модуль
3 деңгейдегі ҰБШ (Ұлттық біліктілік шеңбері) мамандарын даярлайтын педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері үшін |
«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»
|
4-ші модуль | Кәсіпорындарда / ұйымдарда тағылымдамадан өту |
4-модуль «Кәсіпорындар/ұйымдар базасындағы тағылымдама» қорытындысы бойынша педагог кәсіпорын (ұйым) толтырған тағылымдамадан өткені туралы анықтаманы «Talap» КЕАҚ-на ұсынады. Педагог ұсынған кәсіпорын (ұйым) базасындағы тағылымдамадан өткені туралы анықтама негізінде «Talap» КЕАҚ педагогке тағылымдамадан өткені туралы сертификат береді
0 Comments