"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2024 жылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде IT саласы бойынша халықаралық сертификат алған алғашқы 15 студент дайындалды. Бұл — еліміздің адами капиталын дамытудың және білім беру жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізудің маңызды кезеңі.

Бұл не үшін маңызды?

Халықаралық сертификаттар — қазақстандық студенттердің білім деңгейі мен кәсіби дағдыларының жаһандық еңбек нарығы талаптарына сай екенін дәлелдейді. Мұндай жетістіктерге колледждерде цифрлық және техникалық дағдыларды дамытуға бағытталған инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы қол жеткізілді.

Халықаралық сертификат алған колледж студенттері

ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі

Киберқауіпсіздік пен веб-әзірлеу салаларында үлкен нәтижелер көрсетуде:

  • Карпюк Дмитрий – желілік технологиялар және киберқауіпсіздік бойынша сертификатталған маман
  • Цыплаков Арсений – желілік технологиялар және киберқауіпсіздік бойынша сертификатталған маман
  • Хисматуллин Рашид – желілік технологиялар және киберқауіпсіздік бойынша сертификатталған маман
  • Қабдолла Әдемі – JavaScript тілі бойынша веб-әзірлеуші сертификатын алған

APEC PetroTechnic колледжі

Колледждің басым бағыты – визуалды технологиялар мен бағдарламалау:

  • Махмет Айша – 2D/3D модельдеу бойынша Unity Certified User
  • Жанкелдіұлы Расул – JavaScript тілі бойынша сертификатталған маман
  • Халелқызы Нурдана – HTML және CSS бойынша сертификатталған маман

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі

Сертификат алған түлектер саны бойынша көш бастап тұр – 6 маман:

  • Конрад Евгений – JavaScript веб-әзірлеушісі
  • Мурат Әсет – Unity Certified User
  • Тілеубаева Ақмаржан – Unity Certified User
  • Ұзақбай Әлімхан – Cisco Certified Support Technician Networking
  • Қамидолла Жалғас – Cisco Certified Support Technician Networking
  • Шейко Егор – Cisco Certified Support Technician Networking

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі

Екі студент Cisco компаниясының халықаралық сертификатына ие болды:

  • Төлеубек Мирас – Cisco Certified Support Technician Networking
  • Жалбенова Айла – Cisco Certified Support Technician Networking

Болашағы мен маңызы

Халықаралық сертификат алған алғашқы мамандарды даярлау — бұл тек жеке жетістік емес, сонымен қатар колледждердің жаһандық стандарттарды енгізу арқылы қол жеткізген жүйелі жұмысының нәтижесі.

Мұндай бастамалар:

  • Кадрлар даярлау сапасын арттыруға
  • Колледждердің беделін нығайтуға
  • Білім беру қызметтерінің экспортын дамытуға
  • Еліміздің цифрлық экономикасын жетілдіруге мүмкіндік береді

«Бұл — тек бастамасы! Біз техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртудың нақты нәтижелерін көріп отырмыз. Халықаралық сертификат — біздің студенттер үшін жоғары технологиялар мен жаһандық бәсекеге қабілеттілік әлеміне жол ашады», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты “Talap” КЕАҚ президенті Санжар Татибеков.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *