"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 20 мамырда Италияның Турин қаласында орналасқан Еуропалық білім беру қорының (ETF) штаб-пәтерінде DARYA жобасы аясындағы үш күндік семинар басталды. Іс-шараға Орталық Азияның бес елінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының өкілдері қатысуда.

Қазақстан тарапынан семинарға Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КЕАҚ, Астана қаласындағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі», Семей қаласындағы «IT және жаңа технологиялар жоғарғы колледжі», «Атамекен» ҰКП және жұмыс беруші өкілдері қатысуда.

«Talap» КЕАҚ атынан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қызметін зерттеу және мониторинг басқармасының бас менеджері Асқар Боженов қатысып отыр.

Семинардың мақсаты – аймақ елдерінің еңбек нарығы, цифрландыру және индустриялық даму талаптарына жауап бере алатын тұрақты әрі инновациялық құзырет орталықтарын құру бойынша әлеуетін арттыру.

Семинар бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды: кәсіби шеберлік орталықтарының (КШО) халықаралық моделін таныстыру, ISATCOVE өзін-өзі бағалау құралын меңгеру, кәсіби білім беру ұйымдары жанындағы жұмыс істеп тұрған КШО-мен танысу, ұлттық топтармен жұмыс және әр елдің ерекшеліктерін ескере отырып, құзырет орталықтарын дамытудың басым бағыттары мен ұсыныстарын әзірлеу.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *