"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

«Talap» КЕАҚ және халықаралық сертификация саласындағы әлемдік көшбасшы Certiport by Pearson техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында халықаралық сертификация жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Аталған жобаға еліміздің бес жетекші колледжінен 75 студент қатысуда:

  • APEC PetroTechnic жоғары колледжі,
  • Алматы құрылыс-техникалық колледжі,
  • Талдықорған жоғары политехникалық колледжі,
  • Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі,
  • “ASTANA POLYTECHNIC” жоғары колледжі.

Жоба аясында студенттер заманауи оқу курстарына қол жеткізіп, түрлі бағыттар бойынша халықаралық сертификациялық емтихандар тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Пилоттық кезең нәтижесі бойынша Қазақстандағы ТжКБ жүйесіне үздік тәжірибелерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

Бұл бастама – отандық білім беруді жаһандық стандарттарға сай етуге және студенттердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *