"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

TurkicSkills чемпионатына қатысушы елдердің алғашқы онлайн-кездесуі өтті

2025 жылғы 15 сәуірде Астана уақытымен сағат 15:00-де (GMT +5)  TurkicSkills чемпионатына қатысушы елдер арасында алғашқы онлайн-кездесу өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Кездесуге Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Моңғолия және Түркия елдерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар чемпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері, қатысу тәртібі, құзыреттер тізімі мен бағалау ережелері бойынша пікір алмасты.

Басты талқыланған мәселелер:

  1. Чемпионаттың мақсаты мен форматы – Жастардың кәсіби дағдыларын дамыту, елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және жұмысшы мамандықтарды танымал ету.
  1. Құзыреттер тізімі – Чемпионат аясында 15 құзыреттілік бекітілді.
  2. Делегация құрамы – Әр елден ресми және техникалық делегаттар, қатысушылар мен олардың сарапшылары, сондай-ақ техникалық ассистенттер қатысады.
  3. Байқау тапсырмалары – Жабық тапсырмалар чемпионаттың басталуына 2 ай қалғанда, ал ашық тапсырмалар 1 ай бұрын жарияланады. Әр елдің сарапшылары тапсырмаларды өз тілдеріне аударады.
  4. Ережелер – Чемпионаттың толық ережелері жақын уақытта ұсынылады.

Алдағы жоспарлар:
Ұйымдастырушылар чемпионатқа дайындықты жалғастыруда: құжаттарды әзірлеу, делегация құрамын нақтылау және сарапшыларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық материалдар чемпионаттың ресми сайтында қолжетімді болады.

 

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *