2025 жылы 27-31 қаңтар аралығында «Talap» КеАҚ ТжКБ әдіснамасы және мазмұны басқармасы Қазақстанның 20 өңірінің колледждері мен оқу-әдістемелік кабинеттері (орталықтары) үшін «2025 жылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу» тақырыбында онлайн-семинарлар өткізді. Семинарға 667 колледждің басшыларының орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.
Семинарда білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу, жаңарту және алып тастау тәртібі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу рәсімі түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушылар өтінім беру және білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша толық нұсқаулықтар мен ұсынымдар алды.
0 Comments