2025 жылдың 29 қаңтарында ТжКБ әдіснамасы және мазмұны басқармасының бас менеджері Жайнагуль Садвакасова Астана қаласындағы Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің ТжКБ ұйымдарының басшыларымен өткізген оффлайн семинарына қатысып, 2025 жылы ТжКОБ білім беру бағдарламаларының Тізілімін жүргізу ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Семинарға қатысушылар «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларына, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздеріне» енгізілген өзгерістермен және «ТжКОББ Тізілімі» АЖ-не енгізілген толықтырулармен таныстырылды.
0 Comments