"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бастаған делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында білім беру мекемелерінің жағдайымен танысу, білім сапасын арттыру және өмірлік қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету мәселелерін талқылау көзделді. Делегация құрамында «Talap» КеАҚ президенті Санжар Тәтібеков, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері және басқа да сала мамандары болды.

Сапар барысында делегация өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында болып, тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайымен танысты. Олар балалар құқығын қорғау және білім беру саласындағы мәселелер бойынша пікір алмасты. Кейін делегация «Оқушылар сарайына» барып, техникалық шығармашылық көрмесін (авиамоделдеу, кемеүлгілеу, робототехника) тамашалады және дарынды оқушылармен кездесті.

Сонымен қатар делегация білім беру сапасын бақылау департаментінің және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жамбыл облыстық филиалы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сапар аясында делегация білім басқармасы мен бөлім басшылары, орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және педагогикалық қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл жиынға ардагер ұстаздар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегерлері, үздік педагогтер, педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілерден тұратын 256 маман қатысты. Кездесу барысында білім саласын дамыту және педагогикалық қызметтің сапасын арттыру жолдары талқыланды.

Сапар колледж директорларымен кездесумен аяқталды. Онда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі трансформациялық өзгерістер бойынша сұрақ-жауап форматында талқылау болды.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *