«Халел Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжі» МКҚК педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларының әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы қызығушылығын арттыру мақсатында «WorldSkills Aktau -2024» чемпионаты аясында «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасы Саламат Мукашев атындағы №16 мектеп базасында өткізіліп, қорытындысы шығарылды.
BabySkills чемпионатына қатысушылардың жұмысын сараптаған сарапшылар саны-18 (бас сарапшы-6, сарапшы-10, техникалық сарапшы -2).
Аталған жобаға 6 құзіреттілік бойынша 4 сыныптан 26 іріктеп алынып, мектеп және колледж бас сарапшылары 2 ай бойы даярлаған тапсырмалармен оқушыларды «Білім беру (теориялық)» және «Аспаптық (тәжірибелік)» модулдері бойынша дайындап бірнеше шебер-сыныптарын өткізді.
«Жоба өте қызықты өтіп жатыр. Өзім дене шынықтыру және спорт құзіреттілігін таңдаған едім. Бір ерекшелігі мұнда ұлттық ойындарға бағыт берілді. Сонымен қатар басқа да технологиялық мамандықтар бойынша.
0 Комментариев