Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі колледждер мен училищелерге қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды. Осы өзгерістерге сәйкес, колледждердегі орындардың 1% – ы мерзімді әскери қызмет атқарғандар үшін сақталады. Сондай-ақ, азаматтардың басқа санаттары үшін квоталарды ұлғайту жоспарлануда: – Мүгедектік санаттағы адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін квота 1% – дан 10% – ға дейін өседі. – Мүгедектігі бар адамдар тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар үшін квота 1% – дан 5% – ға дейін ұлғаяды. Түзетулер жобасы “Ашық НҚА” порталында 24 маусымға дейін талқылауға қолжетімді.
0 Comments