"Talap"

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білімін трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасының 12-қадамын іске асыру шеңберінде ТжКБ ұйымдарының базасында «шағын-кәсіпорындар»  жұмысын жетілдіру жұмыстары қолға алынуда.

«Шағын кәсіпорындар» жұмысы есебінен түскен қаражат оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалып, олардың дамуына және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, студенттерге түрлі кәсіби дағдыларды игеруге, оның ішінде коммуникация құруға, жобаларды басқаруға, маркетинг және қаржы бойынша білім алуға, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

«TALAP» КеАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары базасында «шағын кәсіпорындар» жұмыс істеуі бойынша әдістемелік ұсынымдар жобасын әзірледі.

Осыған орай, осы әдістемелік ұсынымдар жобасын ТжКБ беру ұйымдарының назарына талқылау үшін жолдайды.

Әдістемелік ұсынымдар жобасына қатысты ұсыныстарыңызды 2025 жылдың 21 мамырына дейін d.eszhanov@talap.edu.kz поштасына жолдауды сұрайды.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *