"Talap"

DARYA жобасы аясында колледж түлектері арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары


 

DARYA жобасының 1 және 2-модульдері аясында Қазақстанның теміржол жүк тасымалы саласындағы колледж түлектері мен жұмыс беруші кәсіпорындар арасында сауалнама жүргізіліп, пилоттық зерттеу нәтижелері таныстырылды. Зерттеуді Еуропалық білім беру қоры (ETF), «Talap» КеАҚ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ және KazLogistics одағы бірлесіп өткізді.

Зерттеу қорытындылары ТжКБ жүйесін жедел жаңғыртудың маңыздылығын айқындады. Оның ішінде дуальды оқыту әдісін кеңінен енгізу, оқу бағдарламаларын цифрлық құзыреттерге сай бейімдеу және түлектердің мансап жолын жүйелі мониторингілеу қажеттігі ерекше атап көрсетілді.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде әзірленген ұсынымдар жастарды тұрақты жұмыспен қамтып, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға бағытталған ТжКБ жүйесіндегі реформаларға негіз болады.

Онлайн оқу: