"Talap"

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының 2025–2027 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жол картасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарын интернационализациялау мәселесі болды.

Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, шетелдік сарапшыларды тарту және Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіне озық тәжірибелерді енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға арналған алмасу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, қазақстандық біліктіліктердің халықаралық деңгейде мойындалуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Санжар Мейірханович ТжКБ жүйесін трансформациялауда интернационализацияның негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. «Кәсіби білім беру жүйесін табысты дамыту үшін халықаралық қоғамдастықпен белсенді қарым-қатынас орнатып, жетекші елдердің тәжірибесін меңгеріп, үздік тәжірибелерді Қазақстанның шынайы жағдайларына бейімдеу қажет. Бұл біздің студенттер мен оқытушыларымызға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың жаһандық еңбек нарығындағы позициясын нығайтады», – деді «Talap» КЕАҚ президенті.

Өз кезегінде, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші халықаралық жобаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге және Қазақстанның ТжКБ жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау жөніндегі бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді. Шетелдік білім беру мекемелерімен әріптестікті дамыту, оның ішінде ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты қадамдар талқыланды.

Кездесу нәтижелері ТжКБ ұйымдарын интернационализациялау білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендірудің және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды драйверіне айналатынын көрсетті.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *