Оқыту форматы: офлайн
«IT саласы педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы Қазақстанның жалпыұлттық басымдықтары мен төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларын ескере отырып, заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы педагогтердің білімдері мен дағдыларын өзектендіруге және жетілдіруге бағытталған
Бағдарламаның мақсаты білім беру ұйымдарын ақпараттандыру шеңберінде басқару, технологиялар және жобаларды басқару саласындағы директорлардың ІТ-технологиялар жөніндегі орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
- заманауи технологиялар мен білім беру платформаларын енгізуді қоса алғанда, білім беру үдерісін ақпараттандырудың стратегиялық жоспарларын әзірлеу және іске асыру әдістерін зерделеу;
- ұйымдастырушылық, педагогикалық және техникалық аспектілерді қоса алғанда, жаңа IT жүйелері мен технологияларын енгізу кезінде колледждегі өзгерістерді басқару;
- білім беру ортасында ақпараттық қауіпсіздікті және деректерді қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті дағдылар мен білімдерді меңгеру;
- білім сапасын арттыру үшін жасанды интеллект, бұлтты технологиялар, мобильді оқыту және т.б. сияқты инновациялық технологиялық шешімдерді зерттеу және енгізу;
- әртүрлі әдістемелерді қолдану арқылы басқару дағдыларын дамыту;
- АТ жобаларын жоспарлау, енгізу және мониторингтеу дағдыларын дамыту
Оқытудың күтілетін нәтижелері:
- біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін курс тыңдаушысы:
- колледжді компьютерлендірудің стратегиялық жоспарын жасайды (колледждің ақпараттандыру жөніндегі стратегиялық жоспарын жаңарту);
- колледж үшін функционалдығы мен қолдану мүмкіндігін ескере отырып ең қолайлы заманауи білім беру технологиялары мен платформаларын таңдайды (колледжде құжат айналымын оңтайландыру үшін электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуді таныстыру);
- білім беру ұйымында ақпараттық технологияларды жүйелі пайдалану барысын басқарады (ақпараттық технологияларды қолдану бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жоспарын құру)
Бағдарлама мазмұны:
Модуль 1 | Басқару және ақпараттандыру стратегияларының негіздері |
Модуль 2 | Оқу үрдісіндегі ІТ-технологиялар |
Модуль 3 | Білім беруді цифрландыру жағдайында персоналды басқару |
Курсты аяқтағаннан кейін «Білім берудегі менеджмент: колледжді ақпараттандыру үдерісін басқару» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы сертификат беріледі.
0 Comments