"Talap"

Жоба

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары базасында «шағын кәсіпорындар» жұмыс істеуі бойынша әдістемелік ұсынымдар

Кіріспе

2024 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы «30» желтоқсанында «Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №1134 қаулысы қабылданды (бұдан әрі – Қаулы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы «06» қаңтардағы №6, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы «06» қаңтардағы №3, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 06» қаңтардағы №4 бірлескен бұйрығымен «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы» (бұдан әрі – Жол картасы) қабылданды.

Жол картасының 12.2 қадамында «ТжКБ ұйымдары базасында «шағын кәсіпорындар» құру және олардың жұмыс істеу алгоритмін әзірлеу» көрсетілген.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) базасындағы «шағын кәсіпорындар» жұмысы оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен оқу-тәжірибелік учаскелерінде шығарылатын өз өндірісінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізу бойынша оны кіріс көзіне айналдыруға бағытталған.

ТжКБ ұйымының базасындағы «шағын кәсіпорындар» жұмысы келесі мүмкіндіктер береді:

  • колледжге тұрақты қаржылық түсімдер әкеледі, бұл қаражат материалдық-техникалық базаны жаңартуға;
  • студенттер «шағын кәсіпорындарда» тәжірибе жинақтап, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға;
  • жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізумен айналысып, колледждің оқу процессін жаңартуға және жетілдіруге;
  • әлеуметтік серіктестіктер колледжбен тығыз байланыс орнатып, білім беру бағдарламаларын «шағын кәсіпорындардың» қажеттіліктеріне сәйкес бейімдеуге;
  • оқу орнының дамуына және сапалы кадрлар даярлауға;
  • өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби дамуы мен біліктілігінің артуына.
  1. Жалпы ережелер

1.1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары базасында «шағын кәсіпорындар» жұмыс істеуі бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) ТжКБ ұйымдары базасында «шағын кәсіпорындар» жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.

Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты «шағын кәсіпорындар» жұмысы бойынша ТжКБ ұйымдарына практикалық, әдіснамалық көмек көрсету.

1.2. Ұсынымдар мынадай нормативтік актілердің негізгі ережелері мен талаптарына сәйкес әзірленді:

– 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

63-бап. Білім беру ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуы

 9-т. Оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибелік учаскелердің өнімдерін өндіруді және өткізуді ұйымдастыру;

– «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы

4-п. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын арттыру және нысаналы қолдау.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен ғана емес, сондай-ақ колледж өндірген өз өнімдерін сатудан түскен кірістер мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қаржыландырудың икемді моделіне өту пысықталуда. ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының, оның ішінде бизнес қаражаты есебінен МТБ нығайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Колледждер заманауи жабдықтармен, оның ішінде бизнес қаражаты есебінен жаңғыртылып, жабдықталатын болады.

ТжКБ ұйымдарын оқу шаруашылықтары мен шағын кәсіпорындар (егістіктер, фермалар, жылыжайлар және басқалар) құру жолымен коммерцияландыру дамитын болады. ТжКБ ұйымдары ақылы негізде қызметтерді ұсынатын болады және оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында шығарылатын тауарларды өткізетін болады. 

– Жол картасының 12-қадамы. ТжКБ ұйымдары базасында «шағын кәсіпорындарды» және «Business startup» студенттік орталықтарын дамыту.

Концепт: құқықтық актілерге ТжКБ ұйымдары базасында «шағын кәсіпорындардың» жұмыс істеуін реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу; мемлекеттің 100% жарғылық капиталымен «шағын кәсіпорындарда» өндірілген өнімді өткізу тетіктерін айқындайтын регламенттеуші құжаттарды әзірлеу;студенттерді кәсіпкерлік және басқару дағдыларына оқытуды қоса алғанда, ТжКБ ұйымдарында «шағын кәсіпорындарды» тиімді іске қосу және олардың жұмыс істеуі үшін алгоритм құру

– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы

39-т. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары, құзіреттілік орталықтар – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне қарай жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.

39-т. 3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;

39-т. 4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.

– «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығы.

Алайда, ТжКБ ұйымдарында «шағын кәсіпорындарды» ашуды реттейтін нормативтік-құқықтық база жетілдіруді қажет етеді.

2.ТжКБ ұйымдары базасында құрылған «шағын кәсіпорындар»  жұмысының қазіргі жағдайы.

ТжКБ ұйымдары базасында құрылған «шағын кәсіпорындар» білім беру процесін практикалық тәжірибемен үйлестіріп, студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға, теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік беріп, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады.

«Шағын кәсіпорындардың» жұмысы қаржыландыру мен инвестицияларға байланысты болғандықтан білім беру ұйымдарының бюджетінің шектеулі болуы, «шағын кәсіпорындар» базасында студенттердің дайындаған өнімдерін сату қиыншылығын тудырады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы алғашқы «шағын кәсіпорындар» 1990 жылдардың аяғында қалыптаса бастады. Мысалы, 1996 және 1999 жылдары Ақмола облысында дәнді дақылдарды өсіруге маманданған алғашқы «шағын кәсіпорындар» құрылды. Бұл бастамалар студенттерді тәжірибеге бағыттап, оқыту нақты өндірістік қызметпен ұштастырылды.

2020 жылға дейін «шағын кәсіпорындардың» ашылуы оқшауланған жағдайларда және тұрақты емес сипатта болғанымен, белсенділіктің біртіндеп өсуі байқалды. Ал ең үлкен өсім 2023 жылдан басталды – осы сәттен бастап 53 «шағын кәсіпорындар» ашылды. Бұл жұмыс істеп тұрған «шағын кәсіпорындардың» жалпы санының 80% құрайды. Қазіргі уақытта өсу үрдісі сақталуда: ағымдағы жылдың 4 айы ішінде студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін колледждер базасында 9 жаңа «шағын-кәсіпорын» ашу тіркелді.

Қазіргі уақытта елімізде 37 ТжКБ ұйымының базасында 66 «шағын кәсіпорын» жұмыс істейді.

«Жас маман» жобасы аясында еліміздің 180 колледжі заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Бұл жабдықтар жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес сатып алынып, ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, кәсіптік білім беруді бизнеспен және өндіріспен интеграциялауға,  сондай-ақ жастардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.

Жоба аясында колледждер базасында құрылған құзыреттілік орталықтар еңбек нарығының талаптарына сәйкес сұранысқа ие кадрлар даярлауды қолға алды.

Дегенмен ТжКБ ұйымдарындағы заманауи техникалар мен құрал- жабдықтар толық пайдаланылмауда, себебі оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханаларда студенттердің қолымен өндірілетін өнімдер немесе тауарларды оқу орынынан тыс жерде одан әрі қолдану мүмкіндігі тиісті заң талаптарымен нақтыланбаған.

Студенттердің қолымен өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемін коммерцияландыру, кәсіпкерлік қызметке жатқызу колледждердің бизнеске бәсекелес бола алмайтындығын көрсетіп отыр.

  1. ТжКБ ұйымдарында «шағын кәсіпорындар» жұмысы үшін ұсынылатын шарттар мен талаптар

3.1. «Шағын кәсіпорындар» құрылымдық бөлімше түрінде құрылады. Құрылымдық бөлімше құру үшін мыналарды қарастыру ұсынылады:

– ТжКБ ұйымдары «шағын кәсіпорынның» жұмыс атқаратын саласын анықтауы;

– өңірдің нарық қажеттіліктеріне сәйкес келетін өндіріс бағыттарын, тұтынушыларды зерттеуі;

– «шағын кәсіпорын» жұмысының ережесін, паспортын, жылдық жоспарын дайындауы;

– «шағын кәсіпорынды» ашу үшін қажетті инфроқұрылымның (өндірістік орын, шеберхана, қажетті құрал-жабдықтар, материалдар)  болуы;

– тапсырыстар алу және қаржыландырудан мүмкін болатын жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуы;

– «шағын кәсіпорындар» жұмысына қаржылық қолдау және инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастыруы;

– педагогтер мен студенттерде кәсіпкерлік негіздері, маркетинг сияқты дағдылардың болуын қамтамасыз етуі.

3.2. ТжКБ ұйымдарында «шағын кәсіпорындарды» құруды құқықтық қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымының әрекетін растайтын келесі құжаттардың болуы ұсынылады:

– ТжКБ ұйымының кадрлар даярлау бейінінің «шағын кәсіпорындардың» мәлімделген мамандығына/біліктілігіне сәйкестігін растайтын лицензия;

– «шағын кәсіпорындарды» құруды және оны одан әрі дамытуды регламенттейтін стратегиялық жоспар;

– «шағын кәсіпорын» қызметі үшін қандай үй-жайлар бөлінетінін көрсететін түсіндірме жазбасы бар ТжКБ ұйымы ғимараттарының техникалық паспорттары.

  1. ТжКБ ұйымдарының базасында «шағын кәсіпорындар» жұмысының алгоритмі.

Бұл алгоритм колледждерге студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ете отырып, өндірістік қызметті білім беру процесіне тиімді біріктіруге мүмкіндік береді.

Қадам 1. Ресурстар мен бағыттарды анықтау. ТжКБ ұйымдағы «шағын кәсіпорынның» ресустарын бағалау мен анықтау жұмысын колледждің индустриалдық кеңесінде қарап, бекіту.

– инфрақұрылымды талдау: «шағын кәсіпорынның» қажеттіліктеріне бейімделетін оқу шеберханаларын, жабдықтар мен үй-жайларды бағалау;

– саланы/мамандықты таңдау: білім беру бағдарламалары мен нарық қажеттіліктеріне сәйкес келетін өндіріс бағыттарын (мысалы: құрылыс материалдары, жиһаз өндірісі, ауыл шаруашылығы жерді өңдеу және дәнді дақылдарды өсіру, жылыжай шаруашылығы, тігін өнімдері, баспа және жарнамалық өнімдер, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, электромонтаждау жұмыстары т.б.) анықтау.

Қадам 2. Бизнеспен серіктестік.

– серіктестерді іздеу: тәжірибе алмасу, тапсырыстар алу және қаржыландырудан мүмкін болатын жергілікті және шет мемлекеттердің кәсіпорындармен ынтымақтастық орнату;

– «шағын кәсіпорындардың» тапсырыстар алуы үшін мемлекеттік тендерлерге қатысу.

Қадам 3.  Заңды талаптарды орындау.

– заңнаманы сақтау: «шағын кәсіпорын» қызметінің заңнама талаптарына, әсіресе өнімді сату және қаржылық есептілікке сәйкес келетінін нақтылау.

Қадам 4. Өндіріс процесін ұйымдастыру.

-өндірістік желілерді құру: оқу-өндірістік шеберханаларды, оқу шаруашылықтарын т.б. қажетті жабдықтармен жабдықтау және өндірістік процестерді жолға қою;

-оқу процесін интеграциялау: өндірістік тәжірибелер, тағылымдамалар немесе дуальды оқыту шеңберінде студенттерді өндіріске тарту;

-қажетілікке байланысты бітіруші түлектерді және аудан/қала тұрғындарын «шағын кәсіпорынға» жұмысқа тарту.

Қадам 5. Маркетинг және өнімді сату.

-нарықты талдау: сұранысқа ие өнімді анықтау үшін жергілікті нарықтың қажеттіліктерін зерттеу;

-өнімді жылжыту: көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуды және онлайн платформаларды пайдалануды қоса алғанда, маркетинг пен сату стратегиясын жасау.

Қадам 6. Қаржылық басқару.

– бюджеттеу: материалдық шығындарды, еңбекақы төлеуді және басқа шығындарды ескере отырып, қаржылық жоспар құру;

-пайданы қайта инвестициялау: алынған пайданы колледждің материалдық-техникалық базасын дамытуға және білім беру процесін жақсартуға бағыттау.

Қадам 7. Тиімділікті бақылау және бағалау

– нәтижелерді талдау: өндіріс көрсеткіштері, студенттерді оқыту және қаржылық нәтижелер бойынша «шағын кәсіпорын» жұмысының тиімділігін үнемі бағалау;

– стратегияны түзету: алынған мәліметтер, ұсыныстар негізінде «шағын кәсіпорынның»  жұмысын ұйымдастыруға қажетті өзгерістер енгізу;

– «шағын кәсіпорынға» салық төлеу нормалары бойынша нұсқаулықтар әзірлеу.

  1. Ішкі нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу

5.1. Ішкі нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымдарына мынадай құжаттарды әзірлеу ұсынылады:

– ТжКБ ұйымының басшысы бекітетін «шағын кәсіпорын» туралы ереже, осы ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес ұсынылатын нысан;

– ТжКБ  ұйымының басшысы бекітетін «шағын кәсіпорынның» паспорты, осы ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес нысан.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

«Шағын кәсіпорын» құру туралы ереженің ұсынылатын нысаны

 

 

 
   

 
(білім беру ұйымының атауы)

 

Келісемін                                                                    Келісемін                                             Бекітемін             

«Атамекен»  ӨКП                                  Білім басқармасы                                    Колледж директоры     ______________ Т.А.Ә.                           ______________ Т.А.Ә.                            ______________ Т.А.Ә.

“____” ______20___ж.                            “____” ______20___ж.                                “____” ______20___ж.                                                 

                

                     

               

 

 

 

                                           

                                   «Шағын кәсіпорын» құру туралы ереже

 

      ___________________________________________________________

(бейінін көрсете отырып, шағын кәсіпорынның  атауы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

                                                             (Елді мекені. Жыл)

 

 

 

«Шағын кәсіпорын» туралы ереженің мазмұны

ТжКБ  ұйымының басшысы бекітетін ережеде келесі негізгі бөлімдерді қамту ұсынылады:

  1. Жалпы ережелер («шағын кәсіпорынның» анықтамасы, мақсаты мен міндеттері, ереженің қолдану аясы.
  2. «Шағын кәсіпорынның» құрылымы («шағын кәсіпорынның» ұйымдастырушылық құрылымы, бөлімшелер мен қызметкерлердің міндеттері)
  3. «Шағын кәсіпорынның» құқықтары мен міндеттері (лицензия алу, келісімшарттар жасау т.б.)
  4. «Шағын кәсіпорынның» қызметі («шағын кәсіпорынның» негізгі қызмет түрлері, өндірілетін өнімдер мен қызметтерді енгізу тәртібі)
  5. Қаржылық мәселелер (бюджеттеу және қаржылық жоспарлау, табыс пен шығындарды есепке алу)
  6. Бақылау және есептілік («шағын кәсіпорынның» ішкі бақылау жүйесі, есептілік формалары мен мерзімдері)

 

 

2-қосымша

 

«Шағын кәсіпорын»  паспортының ұсынылатын нысаны

Негізгі бет:

 

 

 
   

 
(білім беру ұйымының атауы)

 

 

                                                                                                                Колледж директоры ___________

                                                                                                                _______________________ Т.А.Ә.

                                                                                                                “____” ____________20___ж.

               

 

 

 

                                           

                                    «Шағын кәсіпорынның» паспорты   

 

__________________________________________________________

(бейінін/саласын көрсете отырып, «шағын кәсіпорынның»  атауы)

 

 

Мекен-жайы (Орналасқан жері):___________________________________________

Басшы / Меңгеруші:____________________________________________

(аты-жөні, лауазымы)

 

 

 

 

 

 

                                   

                                                             (Елді мекені. Жыл)

 

«Шағын кәсіпорынның» паспорты 1. «Шағын кәсіпорынның» паспорт деректері (шағын кәсіпорынның мақсаты және функционалдық міндеттері)

  1. «Шағын кәсіпорында» оқыту жүргізілетін мамандықтар мен біліктіліктердің коды және атауы
  2. «Шағын кәсіпорынның» техникалық сипаттамалары (кесте нысанында толтырылады)

 

р.р.

Алаңдардың техникалық сипаттамалары Ағымдағы көрсеткіштер Ескертпе («шағын кәсіпорынның» санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі)
       
       
       
  1. «Шағын кәсіпорынның» жоспары
  2. «Шағын кәсіпорын» қызметін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық құралдардың тізбесі

 

р.р. Материалдық-техникалық құралдардың атауы Саны Өндірілген және сатып алынған жылы
         
         
         
  1. «Шағын кәсіпорын» алаңдары бойынша жабдықтың техникалық сипаттамалары

 

№ р.р. Жабдықтың атауы Жабдықтың техникалық сипаттамалары
     
     

 

  1. «Шағын кәсіпорын» құжаттамаларының тізбесі

 

№ р.р. Құжаттың атауы Құжаттың болуы
     
     

 

  1. «Шағын кәсіпорынның» 20__ жылға арналған жұмыс жоспары

 

№ р.р. Іс-шара Мерзімі Орындаушы Аяқталу нысаны