Педагогикалық, медициналық және шығармашылық сияқты кейбір мамандықтарды қоспағанда, колледждерге түсу емтихандары болмайды.
Педагогикалық және шығармашылық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс бойынша түсушілер үшін арнайы және / немесе шығармашылық емтихандар өткізіледі, олар білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы колледждерде тапсырылады. Медициналық мамандықтарға үміткерлер психометриялық тестілеуден өтеді. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілердің бағаларына арнайы емтихандар үшін балл қосылады.
Квоталар кімдерге тиесілі:
Колледжге түсу кезінде “Білім туралы” Заңға сәйкес квоталар көзделген. 9 квота санаты бар:
– Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар-1% – Басқа мемлекеттер аумағындағы ардагерлер,жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер-0,5% – Ауыл жастарының арасынан ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға азаматтар-35% – ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар-4% – Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай – ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары-1% – Республика Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы Қазақстан азаматтары-5% – Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар-5% – Мәртебесі кемінде үш баласы бар толық емес отбасылардан шыққан балалар-5% – Бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар-1%
0 Comments