«Болашақ бизнес-көшбасшылар» стипендиялық бағдарламасы 2016 жылы Б.Ж. Өтемұратовтың бастамасымен дарынды қазақстандықтарды қолдау үшін құрылған.
Жыл сайын болашақ студенттер аталмыш бағдарламаға қатыса алады. Байқау үш кезеңнен тұрады, соңында жеңімпаздар жарияланады. Қатысуға өтінімдер 6 шілдеге дейін қабылданатын болады.
Әрбір стипендия мыналарды қамтиды:
– 4 жылдық оқу ақысын төлеу (студент күндізгі бөлімде оқып, университетте үлгерімінің GPA 3.5 баллдан төмен болмауын, сондай-ақ академиялық қарыздың болмауын қамтамасыз етуі тиіс);
– жатақханада тұру ақысын төлеу;
– ай сайынғы стипендия;
– Шетелдегі стипендиялық бағдарламаның халықаралық компонентіне байланысты шығындар.
Бағдарлама туралы толығырақ сайтта narxoz-promo.kz.
0 Comments